Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Павлодар облысында жер үйдегі өрттен екі бала көз жұмды

15 қаңтарда Павлодар облысы Иртышск ауылындағы жер үйде шыққан өрттен екі бала қаза тапты. Бұл туралы облыстағы төтенше жағдай департаменті хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, өрт сөндірушілерге хабар таңғы 8:33-те түскен. Үш минутта өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде үй өртке оранғанын көрген. Өрт басталғанда үйде төрт бала болған, біреуі сыртқа шығып үлгерген. Қалған үшеуін өрт сөндірушілер сыртқа алып шыққан.

"Алайда кәмелетке толмаған екі бала ауруханада көз жұмды" деді департаменттің баспасөз қызметі.

Өрт себептері анықталып жатқаны хабарланды. Төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, өрттің аумағы 50 шаршы метрді құраған. Өрт шыққанда балалардың ата-анасы я жақындары қайда болғаны айтылмады.

Қазақстанда жер үйлердегі өрттен балалар қаза тапқаны жайлы хабарлар жиі шығады. Мәселен, биыл 11 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысындағы Жұмабаев ауылында жер үйде өрт шығып, ер адам балаларымен қаза тапқан.Былтыр 18 қарашада Түркістан облысы Алғабас ауылындағы екі қабатты жеке меншік үйде шыққан өрттен 12 адам мерт болды, тоғызы – кәмелетке толмаған бала. 4 маусымда БҚО Жымпиты ауылындағы тұрғын үйдегі өрттен бес бала көз жұмған еді.2025 жылы қаңтарда Қарағандыда өрт орнынан екі баланың денесі табылған. 2024 жылы күзде Астанадағы жеке үйлердің бірінде өрт шығып, 13, 9, 3, 2 жастағы төрт бала көз жұмған. Оның алдында Қостанай облысы Жітіқара қаласында жеке үйде өрт болып, бес бала өлі табылған.2019 жылы ақпанда Астананың Көктал-1 шағын ауданында уақытша баспана өртеніп, бір отбасындағы кішкентай бес қыз бала опат болған. Бұл оқиға елде үлкен резонанс тудырған еді.2024 жылы Қазақстанда 12 жасқа дейінгі балаларды үйде қараусыз қалдыруға тыйым салуды ұсынған. Төтенше жағдай департаменттері жұртты жер үйде өрт ережелерін сақтауға, балаларды үйде қараусыз қалдырмауға шақырған.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *