Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Ақ үйде Гренландия жөнінде өткен кездесуде тараптар мәмілеге келе алмады

АҚШ президенті Дональд Трамп сәрсенбі күні кешке Ақ үйде АҚШ, Дания және Гренландияның жоғары лауазымды өкілдері қатысқан кездесуден кейін Вашингтонның Данияға қарасты автономиялық аумақ – Гренландияны бақылауға алу ниеті өзгермегенін растады.

Трамптың сөзінше, АҚШ Данимен жақсы қарым-қатынаста болғанымен, арктикалық аралдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесінде Вашингтон Копенгагенге арқа сүйей алмайды. Оның айтуынша, егер Ресей немесе Қытай Гренландияны "басып алуға" ұмтылса, Дания ештеңе істей алмайды, ал АҚШ "бәрін" істей алады. Ол АҚШ әскері жуырда Венесуэлада жүргізген операцияны мысалға келтірді.

Гренландия мен Данияның сыртқы істер министрлері Вивиан Моцфельдт пен Ларс Лёкке Расмуссен Ақ үйде АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнспен және мемлекеттік хатшы Марко Рубиомен кездескен. Кездесуден кейін тараптар "конструктивті" келіссөз өткенін айтып, бірлескен жұмыс тобын құруға ниетті екендерін мәлімдеді. Дегенмен олар Гренландия мәселесінде тараптар арасында "терең келіспеушілік" сақталғанын және АҚШ әкімшілігінің ұстанымын өзгерте алмағандарын мойындады. Сонымен бірге олар "Гренландия сатылмайды" деп мәлімдеді.

14 қаңтарда Дания Гренландиядағы әскер санын көбейтетінін жариялады. Бұл жайлы ресми хабарлар аралдың қорғаныс қабілетін күшейту мәселесі жөніндегі АҚШ-тың талабына жауап ретінде түсіндіруге болатындай етіп жазылған. Сол күні кешке Гренландияға даниялық сарбаздар мінген әскери-көлік ұшағы қонған деген ақпарарт тарады. Данияның қорғаныс министрлігі алдағы уақытта НАТО-ға мүше бірқатар одақтас елдердің әскери қызметшілері өңірдегі әскери ынтымақтастықты кеңейту жоспарларын әзірлеу миссиясына қатысады деп хабарлады.

Бірқатар ел өз әскери қызметкерлерін осы миссияға немесе алдағы уақытта Гренландияда өтетін жаттығуларға қатысуға жіберетінін мәлімдеді. Және де олар әскери бөлімдер емес, оншақты шетелдік әскери қызметші жіберумен шектелмек. Мысалы, Норвегия екі офицерін, ал Германия 13 әскери қызметші жіберетінін хабарлады. Франция президенті Эммануэль Макрон да француз сарбаздары жаттығуларға қатысуға барады деп айтты. Бұл жаттығуларға Канада мен Нидерланд әскери қызметшілері де қатысуы мүмкін. Және де бұл НАТО аясындағы жаттығу емес екенін айта кеткен жөн.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *