Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстанда вице-президент лауазымы енгізіледі

Араға 30 жыл салып, Қазақстанда вице-президент қызметі енгізіледі. Оны президент парламенттің келісімімен өзі тағайындайды. Вице-президенттің өкілеті мен міндеттерін де президент анықтайды. Бұл жөнінде Қызылордада өткен ұлттық құрылтайда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Оның негізгі қызметіне халықаралық форумдарда, келіссөздерде Қазақстан делегациясын бастап апару, елдегі және шетелдегі қоғамдық-саяси, ғылыми, мәдени-ағартаушылық ұйымдармен байланыс орнату кіреді. Ол президенттің тапсырмаларын орындайды.

Тоқаевтың айтуынша, қазіргі парламенттің қызметін қамтамасыз ететін аппарат құрылымдарының бір бөлігі, соның ішінде мемлекеттік кеңесші лауазымы қысқарады. Қазір бұл міндетті Ерлан Қарин атқарады.

"Президент әкімшілігінің функциялары, құрылымы және оны басқару жүйесі практикалық қажетке сай реформаланады. Вице-президент лауазымы бірқатар елде бар екені белгілі. Біздің жағдайда бұл лауазымды енгізу мемлекетті басқару процесін тұрақтандырып, билік иерархиясына толық айқындай түседі", – деді Тоқаев.

Ол бұл өзгеріс президенттік билік институты әлсірейді дегенді білдірмейтінін айтты. Оның айтуынша, президент лауазымы мемлекетті басқару жүйесіндегі басты орнын сақтап қалады деді.

1990 жылғы 20 қарашада қабылданған "Қазақ ССР-індегі мемлекеттік билік пен басқару құрылымын жетілдіру туралы" заңға сәйкес, мемлекеттік басқару жүйесіне президент, вице-президент, премьер-министр және мемлекеттік кеңесшілер қызметтері енгізілді.

1991 жылғы 1 желтоқсанда халық алғаш рет төте дауыс беру жолымен президент сайлаған кезде, оның ресми қорытындысы бойынша, Қазақ ССР президенті лауазымына Нұрсұлтан Назарбаев, вице-президент болып Ерік Асанбаев сайланған.

Асанбаев Қазақстанның алғашқы әрі осы уақытқа дейінгі соңғы вице-президенті болды. 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған Конституцияда вице-президент лауазымы қысқарып қалды.

Асанбаев 1996 жылғы ақпанда қызметінен кеткен соң Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі, Германиядағы елші қызметтерін атқарды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *