Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

2025 жылы мемлекет 93 мың білім грантын бөлді

2029 жылға дейін жоғары білім саласын дамытудың негізгі басымдықтары айқындалды. Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова Жоғары білім саласының өзекті мәселелері жөнінде брифинг өткізді.

Вице-министрдің айтуынша, 2029 жылға дейін жоғары білім саласын дамытудың негізгі басымдықтары айқындалды. Онда жоғары оқу орындарын трансформациялаудың айқын бағыты белгіленген, яғни қарапайым білім беруден экономика, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға көшу көзделген.

— 2025 жылы мемлекет тарапынан 93 мың білім беру гранты бөлініп, оның 99%-дан астамы толық игерілді. Әлеуметтік және нысаналы тетіктер айтарлықтай кеңейтілді: олардың қатарында қандастарға, ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарға және мерзімді әскери қызметін өткеріп жүрген жастарға арналған гранттар бар, — деді Г. Көбенова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Бүгінгі таңда 127 жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы жоғары білімі бар кадрларды даярлайды. Олардың қатарында ҚР жоғары оқу орындары, шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары, ғылыми орталықтар мен институттар бар.

— Соңғы бір жылда бағдарламалардың 85%-ы кәсіби стандарттарды ескере отырып өзектендірілді. 2025 жылы кәсіби стандарттар ескеріліп, 727 жаңа білім бағдарламасы енгізілді, 5 607 бағдарлама жаңартылды. Осылайша, жоғары оқу орындары «білімге негізделген» модельден құзыреттілік моделіне, формалды сәйкестіктен – «білім мен еңбек нарығының» мазмұнды байланысына көшіп жатыр.

Айта кетейік, елімізде білім беру, зерттеу және қолданбалы тәсілдерді біріктіретін AI-Sana бағдарламасы биыл да жалғасады. AI-Sana аясында 100 мың студент ЖИ алгоритмдерін меңгереді.

Сообщение 2025 жылы мемлекет 93 мың білім грантын бөлді появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *