Дәрігерлер неге ақ халат киеді? Ақ халаттың шығу тарихы
Ерте кезеңдегі дәрігерлердің киімі
Оба дерті өршіп тұрған кезеңде дәрігерлер қара түсті пальто, бас киім, былғарыдан тігілген шалбар киіп, құс тұмсығына ұқсас үлкен маска таққан. Бұл киімнің ғылымға еш қатысы болмаған. Ол заманда дәрігерлер сұсты кейіп пен түрлі шөп дәрілердің иісі қауіпті аурулардан қорғайды деп сенген.
Орта ғасырдағы киім айырмашылығы
Орта ғасырларда Еуропада дәрігерлердің киімі олардың қоғамдағы деңгейіне байланысты болған. Бай-шонжарларды емдейтін дәрігерлер қымбат мата мен былғарыдан тігілген сәнді киім кисе, қарапайым халыққа қызмет көрсететін дәрігерлер тек өз мамандығын...