Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

АҚШ наразылықты басып-жаншығаны үшін Иранның “тасадағы флотына” санкция салды

АҚШ Иранның "тасадағы флотына" тиесілі 9 танкер мен соларға қатысы бар 8 компанияға санкция салды. АҚШ қаржы министрлігі мұндай шектеу Тегеран наразылықты басып-жаншыған тұста салынып жатқанын атап өтті.

Тізімге енген танкерлер Палау, Комор аралдары мен Панаманың туларымен жүреді. Шектеу сол кемелерді иеленген немесе басқарған компанияларға да қойылды. Олар Үндістан, Либерия, Оман, БАӘ, Маршалл мен Сейшель аралдарында тіркелген.

Бұл кемелер мен компаниялар құны жүздеген миллион доллар болатын Иран мұнайы мен мұнай өнімдерін тасымалдаған. АҚШ қаржы министрлігінің хабарламасында бұл кіріс шын мәнінде Иран халқына тиесілі болса да, Иран билігі ол кірісті "аймақтағы террористік топтар, қару-жарақ бағдарламасы мен қауіпсіздік қызметін қаржыландыруға" жұмсап жатқаны жазылған.

Ирандағы наразылық желтоқсан соңында басталған және қаңтардың алғашқы жартысында шарықтау шегіне жеткен. Әуелі наразылар экономикалық дағдарысқа қатысты талаптар айтқан, кейін Иран билігіне қарсы ұрандар айтыла бастады.

Елде екі аптадан бері интернет жоқ және наразылар мен құрбандардың саны жөнінде де мәлімет жоқ. Штаб-пәтері АҚШ-та шоғырланған HRANA құқық қорғау тобының есебінше, наразылыққа байланысты 4900-дан астам адамның өлімі расталған.

15 қаңтарда АҚШ "наразылықты күштеп басуға қатысы бар" бес ирандық шенеунікке санкция салды. Тізімде Иран ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Лариджани бар. Шектеу сонымен бірге полицияның төрт аймақтық жетекшісі мен Лорестан және Фарс провинциясындағы Ислам революциясы сақшылар корпусының қолбасшыларына енгізілген.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *