ЖЫЛПОС БИЛІК ПЕН ТІРІ ҚОҒАМ
Жазып отырғаным – бір ғана эпизод емес, тұтас бір жүйенің айнасы. Бұл жерде мәселе жеке адамда да емес, тек бір сөзде де емес, ойлау логикасында, құндылықтар иерархиясында жатыр.
Алдымен, «жылпос, бұлғаң» ұғымына тоқталайық. Қазақ дүниетанымында жылпос – ашық жау емес. Ол ұрандатпайды, қарсы шықпайды, айқайламайды. Ол иіліп тұрып басып өтеді, мақұлдай отырып жоққа шығарады, жұмсақ сөзбен қатты шындықты өшіреді. Бұлғаң – жауапкершіліктен тайқып, биліктің көңілін табуды ғана мақсат еткен бейне. Мұндай адамда ар-ұят жоқ деп айту да оңай, бірақ одан да қауіптісі – онда халыққа деген ішкі міндет сезімі жоқ.
Бірде үлкен бір іс-шараның сценарийі жазылып жатады. Әдемі сахна, жарық,...