Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Жаңаөзенде белсенді Әсет Әбішев 15 тәулікке қамалды

Тіркелмеген "Алға, Қазақстан" партиясының мүшесі, белсенді Әсет Әбішев 15 тәулікке қамалды. Әлеуметтік желіде тараған видеоларға қарағанда, полиция қызметкерлері белсендіні Маңғыстау облысы Жаңаөзенде жүрген кезде бөлімшеге алып кетіп, ізінше сот өткен.

Сот шешіміне қарағанда, белсендінің әкімшілік жазаға тартылуына былтыр сәуірде Ақмола облысы Степногорск түрмесі маңында болған Марат Жыланбаевты қолдау акциясы түрткі болған.

Сот шешімінде Әсет Әбішев "2025 жылдың 7 сәуірінде "Степногорск түрмесінің алдында "Алға, Қазақстан" тіркелмеген партиясының жетекшісі Марат Жыланбаевты қолдау үшін "заңсыз митингіге қатысқаны", осылайша "бейбіт митинг өткізу тәртібін бұзғаны" жазылған. Оған Әкімшілік кодекстің 488-бап 6-бөлігі бойынша айып тағылған.

Сот отырысында Әсет Әбішев тағылған айыппен келіспеген. "Тек ауызын скотчпен жауып, акцияға қатысқанын" айтқан.

Сот шешімінде қамау мерзімі 26 қаңтар сағат 23-тен бастап есептеледі деп жазылған.

Әсет Әбішев – тіркелмеген "Алға, Қазақстан" партиясының белді мүшесі. Бұған дейін ол талай рет әкімшілік жазаға тартылған.

Ол Қазақстан соты экстремистік ұйым деп танығанмен Еуропарламент бейбіт оппозициялық ұйым деп атаған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысын қолдағаны үшін 2018 жылы төрт жылға бас бостандығынан айырылған. Қазақстандық құқық қорғаушылар белсендінің саяси себеппен қудаланғанын айтып, оны "саяси тұтқындар" тізіміне енгізген. Билік елде "саяси тұтқын" барын жоққа шығарады. Әбішев 2021 жылы босап шықты.

Былтыр бір топ белсенді түрмеде отырған, тіркелмеген "Алға, Қазақстан" партиясының жетекшісі, марафоншы Марат Жыланбаевты қолдап, түрмеге барған. Олар түрмеде ұзақ уақыт аштық ұстаған белсендінің денсаулығына алаңдап, ақпарат беруді талап еткен.

Аталған белсенділер мүшелері болып саналатын тіркелмеген "Алға, Қазақстан" оппозициялық партиясы айлар бойы әділет министрлігіне құжат тапсырып, саяси ұйымды тіркей алмай келеді. Министрлік бастамашыл топтың құжаттары партияларды тіркеу туралы заңға сай еместігін айтып, тіркемеген. Ал белсенділер өздерін "саяси себеппен тіркемей отыр" деп есептейді. Олар бұған дейін биліктен партияны тіркеуді талай талап еткен.

Билік елде саяси қудалау барын мойындамайды және партияны "саяси себеппен тіркемей отырғандарын" жоққа шығарады.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *