Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстандағы барлық балаға 130 доллардан аударылды

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Мемлекет басшысының бастамасымен іске қосылған "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы аясында 18 жасқа дейінгі (қоса алғанда) балаларға кезекті нысаналы төлемдер есептелгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазады.

Таратылған хабарламаға сәйкес, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы аясында 2025 жылғы қорытындысы бойынша әрбір баланың шотына 130,71 АҚШ доллары есептелген. 2025 жылдың соңындағы мәлімет бойынша, бағдарламаға қатысушылардың жалпы саны 6 918 656 бала болды.

"Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосылды. 2024 жылы әр балаға есептелген сома 100,52 АҚШ доллар болған. 2025 жылы 129,38 АҚШ доллары есептелген.

Ұлттық банкте балаларға есептелетін қаражат жыл сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының ұзақ мерзімді инвестициялық кірісінің жартысы есебінен қалыптасатынын және бұл тікелей қордың валюталық активтерінің көлеміне байланысты екенін еске салды. Сонымен қатар, алдыңғы жылдары балалардың шоттарына есептелген қаражат бала 18 жасқа толғанға дейін Ұлттық қордың портфелінде инвестициялануын жалғастырып, қосымша табыс әкеледі.

Бағдарлама іске асқан 3 жыл ішінде (инвестициялық табысты қоса есептегенде) бір балаға шаққандағы жалпы жинақталған сома - 370,56 АҚШ доллар. Тиісті ақпарат 31 қаңтарда eGov mobile мобильді қосымшасында және kids.enpf.kz сайтында қолжетімді болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *