Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Тәжікстандағы аудан тұрғындары қажыға баруға деп жинаған ақшаны ауылдарын дамытуға жұмсаған

Тәжікстанның солтүстігіндегі Соғды облысына қарасты Шахристан ауданында шамамен 100 тұрғын қажыға баруға деп жинаған жиынтығы 3 миллион сомониден астам (320 мың АҚШ долларынан көп) қаражатты өз ауылдарын абаттандыру мен дамытуға жұмсаған. Бұл туралы аудан әкімі Рабим Ғафурзода баспасөз мәслихатында хабарлады.

"Бұл – имамдармен бірлесіп жүргізген идеологиялық жұмысымыздың нәтижесі. Бұл мәжбүрлеу емес. Біз ешкімге умраға барма немесе 15 мың сомони (шамамен 1600 доллар) садақа бер деп айтқан жоқпыз. Тұрғындар махалла мен жамағат басшыларына өздері осындай ұсыныс жасады. Мен махалла басшыларымен кездесіп, адамдар ауылды дамыту мен абаттандыруға қаржы бөлген жағдайда, қаражат міндетті түрде есепке алынуы және есеп берілуі керек екенін тапсырдым", – деді шенеунік.

Аудан басшысының сөзінше, жиналған қаражат негізінен жолдар мен көпірлерді жөндеуге, электрмен жабдықтауды жақсартуға, балабақша және басқа да қосалқы мекемелердің жағдайын оңалтуға жұмсалған.

Тәжікстанда бұл – бір ауданның өзінде осыншама көп тұрғынның жеке қаражатын туған ауылын дамытуға бағыттап, қажылық сапардан саналы түрде бас тартқан сирек жағдайлардың бірі. Мұндай бастамалар елде кейінгі кезде жиілей бастаған. Бұл үрдіс ел президенті Эмомали Рахмон қоғам белсенділерімен кездесулерде азаматтардың Мекке мен Мәдинаға қайта-қайта қажылық сапарға баруын ашық сынағаннан кейін күшейген.

Қажылық – исламдағы бес парыздың бірі және қаржылай мүмкіндігі бар мұсылманға діни міндет саналады. Тәжікстанда азаматтарды қажылыққа жіберумен ресми түрде Дін істері жөніндегі комитет айналысады. Соған қарамастан, жыл сайын үшінші елдер арқылы қажылық пен умра сапарына шығатын тәжікстандықтар саны артып келеді.

Тәжік қоғамында қажылыққа деген көзқарас біркелкі емес. Бірі діни парыз алғашқы мүмкіндік туған сәтте орындалуға тиіс деп есептесе, енді бірі, әсіресе қайтадан қажыға баруға жұмсалатын қаражатты туған ауылы мен қаласының дамуына бағыттағанды жөн көреді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *