Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Өскеменде экология ахуалына байланысты мектеп сабағы тағы да онлайн форматқа ауысты

Бүгін, 2 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласында ауаның ластануына байланысты мектеп оқушылары түгелдей қашықтан оқу форматына ауыстырылды. Бұл жөнінде облыстың білім басқармасы хабарлады.

— Өскеменде екінші деңгейдегі қолайсыз метеорологиялық жағдай сақталуына байланысты барлық мектептің 0-11 сынып оқушылары (бірінші және екінші ауысым) қашықтан оқыту форматына көшіріледі, — деді білім басқармасы.

Өскеменде мектеп оқушылары өткен жұма, 30 қаңтарда да ауаның ластануына байланысты қашықтан оқуға мәжбүр болған.

Облыс әкімдігінің ақпараты бойынша, Өскеменде бір аптадан бері жел соқпай, қаланы өндіріс пен көлік түтіні басып қалған. Осыған байланысты Шығыс Қазақстан облысының экология департаменті қалада қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасқанын жариялады. Қала халқы әлеуметтік желіде "аулаға шығу мүмкін емес" деп жазып, видеолар жариялап жатыр.

Облыс орталығында жылына, шамамен, 100 күн желдің жылдамдығы секундына 1 метрден аз болады. Мұндайда ауадағы зиянды заттар төмен шөгеді. Экология депаратаменті ондай кезде аулада ұзақ жүрмеуге, ашық аспан астында көпшілік қатысатын іс-шара өткізбеуге және үйдің терезесін ашпауға шақырады.

Тұрғындар тыныс алу жолдары ауырғанына жиі шағынады. Бірақ экологияға қатысты қойылатын "тамақтың химиялық күйігі" диагнозы 2006 жылы аурулар классификаторынан алынып қалған. Бұл арнайы диагноз 2023 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің ықпал етуімен қайта тізімге қосылды. Агенттік бұл диагноз жоқта адамдарды емдеуде түрлі проблема туындады және қалада ауа сапасы қолайлы деген алдамшы көрініс қалыптасты деп мәлімдеген.

Өскемен қаласында 400 мың адам тұрады. "Қазгидромет" мекемесінің дерегі бойынша, Өскемен елдегі ауасы ең лас бес қаланың қатарында. Мұнда уран, алтын, титан өндіретін елдегі ірі металлургия зауыттары жұмыс істейді. Өндіріс қалдықтары ауаға көп бөлініп, экологтер дабыл қағатын жағдай жиі болады. 2025 жылғы қазан айында Өскеменде түтін мен тұманға байланысты әуе рейстері кестедегі уақытынан үш сағаттан 17 сағатқа дейін кешіктірілген.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *