Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Марқұм Нұрай Серікбайдың отбасы Бас прокуратураға шағым жолдады

Марқұм Нұрай Серікбайдың отбасы кісі өлтіру ісі бойынша тергеуді Шымкент полициясынан Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаментіне беруді сұрап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мән-жайы
Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаров айтты.

"Нұрай Серікбайдың отбасы Шымкент полиция департаментінің қызметкерлеріне сенім танытпағандықтан, бұл қылмыстық іс бойынша соталды тергеуді Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаментіне тапсыруды сұрап отыр", – деді адвокат.

Оның айтуынша, Нұрайдың жақындары Президент әкімшілігіне, Бас прокуратураға және Ішкі істер министрлігіне шағым жолдаған.
Алайда адвокат отбасының істі беруді не себепті сұрап отырғанын ашып айтпады.

"Мұның себептерін айта алмаймыз, өйткені бұл – тергеу құпиясы, жариялауға болмайды", – деп түсіндірді ол.

Нұрайдың өліміне қатысты іс
Еске салайық, 11 қаңтарда Шымкентте пышақ жарақаттарынан 21 жастағы қыз көз жұмды. Кейін күдікті қала аумағынан шамамен 10 шақырым қашықтағы ашық жерде ұсталды.
Жақындарының айтуынша, күдікті қыздың арқа тұсына жеті рет пышақ сұққан, бетін тілген, мойнын осып жіберген. Олар мұны қасақана дайындалған аса ауыр қылмыс деп санайды. Сондықтан әділ тергеуді, қатаң жазаны талап етіп отыр.
Президент 20 қаңтарда өткен Ұлттық құрылтайда Нұрайдың өліміне қатысты жағдайға пікір білдірді.
Осылайша Шымкент полициясының басшысы Нұрлан Алмасбеков студент Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты істен кейін жұмыстан шығарылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *