Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Сот Айдар Сыздықовтың түрмеден ерте босату туралы өтінішін орындамады

3 ақпанда Ақмола облысы Зеренді аудандық соты белсенді Айдар Сыздықовтың түрмеден ерте босату туралы өтінішін орындамады. Бұл жөнінде адвокаты Мейіржан Досқараев хабарлады.

"Мекеме өкілдерінен "оң мінездеме" жоғы айтылды. Оны жібергісі келмей отырған сияқты. Не үшін жібергісі келмей отырғанын барлықтарыңыз біліп тұрған боларсыздар. Сот қаулысы әлі қолымызға тиген жоқ" деді Мейіржан Досқараев Азаттыққа.

Былтыр да сот белсендінің "түзелмегенін", "теріс қимыл-әрекеттері барын" алға тартып, өтінішін орындамаған еді.

Қорғау жағы шешімді апелляцияға беретінін айтып отыр.

Қаңтар айында түрмедегі күйеуіне кіріп шыққан белсендінің әйелі Айгүл Тоқпаева күйеуінің кемінде 8 келі тастағанын, денсаулығына алаңдап отырғанын хабарлаған. Оның сөзінше, күйеуін қараған дәрігер бүйрегінде тас барын және өзге де бірқатар ауруға шалдыққанын айтқан.

Былтыр тамызда рақымшылық заңымен Айдар Сыздықовтың жаза мерзімінің үштен бірі (1 жыл 2 ай 17 күн) қысқартылған. Әйелінің айтуынша, белсендінің түрмеден шығуына 1 жыл 9 ай мерзім қалған.

Жақындары белсендіге түрмеде қысым жасалатынын және оны ол жақтан шығармас үшін арандатуға тырысатынын жиі айтып келеді. Ал жергілікті прокуратура мұны жоққа шығарған.

“Есірткі сақтады” деп айыпталған астаналық белсенді Айдар Сыздықов 2024 жылы күзде бес жыл түрмеге жіберілген. Оның ісін сараптаған құқық қорғаушылар Сыздықовты "саяси тұтқындар" қатарына қосқан. Ресми Астана елде саяси қудалау барын мойындамайды.

2024 жылы қазанда Варшавада адамзат өлшемі бойынша өткен конференцияда Ар.Рух.Хақ қоғамдық қорының президенті Бақытжан Төреғожина "бұрын белсенділерді Әблязовты жақтады деп қудаласа, қазір есірткі сақтады деп айыптайды" деп мәлімдеп, сол бойынша айыпталған белсенді Асанәлі Сүйеубаев, Айдар Сыздықов, Мәлік Ахметқалиевтің істерін атап өткен. Көкшетаулық белсенді Ахметқалиев былтыр шілдеде рақымшылық заңымен босап шыққан.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *