Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарларына бірқатар тапсырма берді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарларын қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Президент – Қарулы Күштердің Жоғарғы бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Қаныш Әбубәкіров пен қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабековті қабылдады.
Мемлекет басшысы қорғаныс министрінің орынбасарларына ведомстводағы жетекшілік ететін бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!