Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Тұрғын үйден мәжбүрлеп шығаруға сот шешімінсіз жол берілмейді - Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституцияда тұрғын үйден мәжбүрлеп шығаруға сот шешімінсіз жол берілмейді деген норманы бекітуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Конституциялық реформа туралы айтып, ұсынылып отырған түзетулердің мәні бір нәрсеге келіп тірелетінін атап өтті: адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау.

"Біз адам құқығының қорғалуына кепілдік беретін және оның нақты жолдары айқын көрсетілетін біртұтас жүйе қалыптастырамыз. Мысалы, адвокаттардың ұсынысымен Ата Заң жобасына адвокатура туралы жеке бап қосылды. Жаңа Конституция жобасында білім беру жүйесіне баса мән беру арқылы мемлекеттің зайырлы сипаты да нақтылана түсті", - деді Мемлекет басшысы.

Ал "Неке – еркек пен әйелдің ерікті және теңқұқылы бірлестігі, яғни одағы" деген тұжырым арқылы қоғамдағы дәстүрлі құндылықтарды сақтап қалу мақсаты көзделді.

"Конституция жобасында табиғатты қорғау мәселесіне де назар аударылды. Меніңше, бұл – өте маңызды нәрсе. Түзетулердің ішіне тағы бір аса қажетті норманы енгізу керек. Қазіргі Конституцияда "Тұрғын үйге қол сұғуға болмайды. Сот шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді" деген ереже бар. Осы ережені "тұрғын үйден мәжбүрлеп шығаруға" да сот шешімінсіз жол берілмейді деп толықтырған жөн. Меніңше, бұл – жаңа Конституцияның сипатына толық сай келетін әлеуметтік норма. Конституциялық комиссия мүшелерінен осы ұсынысты қарауды сұраймын", - деді Президент.

Тұтастай алғанда, Негізгі Заң жобасында Қазақстанның қарқынды дамуына, ұлтымыздың ұйысуына қажетті іргелі қағидаттар мен құндылықтар толық қамтылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *