Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Жаңа Конституция жобасы референдумға шығаруға дайын - Конституциялық комиссия

Жаңа Конституция жобасы жалпыұлттық референдумға шығаруға дайын. Бұл туралы Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшелері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға арналған кепілдіктер жүйесін бұрынғыдан да тұрақты әрі түсінікті етеді. Мұндай пікірді Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев айтты.
Оның сөзінше, құжат құқықтық айқындықты біртіндеп күшейтеді, сот арқылы қорғану мүмкіндіктерін кеңейтеді және адам мүддесін бірінші орынға қоятын тәсілді мемлекеттік басқарудың негізгі қағидасы ретінде бекітеді.
Ластаевтің айтуынша, жобада азаматтар күнделікті өмірде кездесетін нақты жағдайларды ескерілген және адамның негізгі құқықтарына әсер етуі мүмкін негізсіз, өз бетінше қабылданатын шешімдердің алдын алуға бағытталған.

"Осы тұрғыдан алғанда, бұл құжат қоғамның әділдікке, қауіпсіздікке және адам қадір-қасиетін құрметтеуге деген сұранысына жауап береді. Жүргізілген жұмыс пен талқылаудың кең ауқымын ескере отырып, ұсынылған жоба жалпыұлттық референдумға шығарылып, азаматтардың мүддесін көрсететін әрі олардың күткеніне сай келетін құжат ретінде қолдау табуы мүмкін", - деп қорытындылады Ластаев.

Осыған ұқсас пікірді Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева да білдірді. Ол ұсынылған нормаларды бекіту мемлекеттік институттардың жұмыс істеуін құқықтық тұрғыдан нақтылап, оның қалай жүзеге асатынын алдын ала түсінікті әрі болжамды етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Оның айтуынша, өтпелі кезеңде әрбір мемлекеттік органның өкілеттігі шегін нақты түсінуді қалыптастыру туралы сөз болып отыр.

"Қорытынды және өтпелі ережелер бөлімін жан-жақты пысықтағаннан кейін Конституция жобасын республикалық референдумға шығаруға дайын деп тануға болады деп есептеймін", - деді Имашева.

Конституциялық комиссияның оныншы отырысында саясаттанушы Марат Шибутов Негізгі заңның бірқатар бабы бойынша жұмыс әлі де жалғасып жатқанын айтты.

"Қазір әртүрлі саланың, әртүрлі тәжірибе мен әртүрлі көзқарастың мамандары бірлесіп жасаған жұмыстың нәтижесі болып саналатын жобаны көріп отырмыз. Дәл сондықтан мен Негізгі заң жобасы жалпыұлттық дауыс беруге - референдумға шығаруға қазірдің өзінде дайын деп есептеймін", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *