Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Шайдоров басты қарсыластарынан он ұпай қалып тұрса да, "негізгі бағдарламада барын салмақ"

Милан олимпиадасында мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасындағы жарыстың қысқа бағдарламасынан кейін Қазақстан үміт артқан Михаил Шайдоров әзірге бесінші орында келеді.

ҚЫСҚА БАҒДАРЛАМАДАН КЕЙІНГІ ЖАҒДАЙ

Қысқа бағдарламада Шайдоров 92,94 ұпай алды. Ол төрт айналым лутц+үш айналым тулуп каскадында сәл қателік жіберіп алды. Кейін үш айналым аксель мен төрт айналым тулупты қатесіз секірді.

Ал бірінші орында екі дүркін әлем чемпионы америкалық Илья Малинин тұр. Ол мәнерлеп сырғанаудағы қиын элементтердің қатарына кіретін төрт айналым флип және төрт айналым лутц+үш айналым тулуп каскадын таза секіріп, жоғары ұпай алды – 108,16.

21 жастағы Малининнің арсеналында төрт айналым аксель бар. Бұл секіру элементін ресми жарыстарда тек осы Малинин орындаған. Дегенмен ол төрт айналым аксельді қысқа бағдарламада секірген жоқ. Жұма, 13 ақпанда болатын негізгі бағдарламада секіруді жоспарлайды.

Екінші орында жапониялық Юма Кагияма келеді – 103,07 ұпай. Ол Милан олимпиадасының командалық жарысында 108,67 ұпай алған еді. Бірақ жекелей сында үш айналым аксельден қателік жіберіп алды.

Үшінші орында франциялық Адам Сяо Хим Фа (102,55), төртінші орында италиялық Даниэль Грассл (93,46) тұр.

Қысқа бағдарламадан соң Шайдоров "сырғанауын өте жақсы бағалайтынын, қолынан келгенін жасағанын" айтты.

"Алғашқы элементте қателесе жаздадым. Соңына дейін күрестім. Өте қатты қобалжу болды. Енді негізгі бағдарламада қиын элементтер секіруді жоспарлаймын, қолдан келгенін жасаймын" деді ол.

Жұма күні негізгі бағдарламадан соң олимпиада чемпионы мен жүлдегерлері анықталады. Шайдоров алғашқы үштікте тұрған қарсыластарынан кемі он ұпай қалып келеді. Егер Малинин, Кагияма, Сяо Хим Фа негізгі бағдарламаларын таза орындаса, үшеуін озу басқа спортшыларға қиынға соқпақ.

Кагияма "негізгі бағдарламада өзін жүз пайыз көрсетіп, таза сырғанап шығуға барын салатынын" айтты. Малинин "негізгі бағдарламада менің ең үздік өнерімді көресіздер, ал мен мұз айдынға шығып бар мүмкіндігімді көрсетуге тырысамын" деді.

Бірақ мәнерлеп сырғанауда негізгі бағдарламадан соң жағдай күрт өзгеріп, қысқа бағдарламадан кейін үштікте тұрған спортшылар жүлдеге ілінбей қалған кездері жиі болады.

Миландағы қысқа бағдарламадан соң әлеуметтік желіде 2014 жылы Сочи олимпиадасында қазақстандық Денис Теннің қысқа бағдарламадан кейін тоғызыншы орында тұрып, кейін қола медаль жеңіп алғанын еске алып жатыр.

Сочи олимпиадасында Тен қысқа бағдарламада 84,06 ұпаймен 9-орын алған. Бірақ 3-орын мен 9-орынның арасын үш ұпай ғана бөліп тұрған еді. Кейін Денис Тен негізгі бағдарламасын мінсіз орындап, ал қысқа бағдарламада оның алдында болған спортшылар негізгі бағдарламаларын таза орындай алмаған еді.

ШАЙДОРОВТЫҢ ЖОЛЫНА ҮМІТПЕН ҚАРАУ

Алматыда туған Шайдоровты ресейлік маман Алексей Урманов (мәнерлеп сырғанаудан 1994 жылғы олимпиада чемпионы) жаттықтырады. Михаил былтыр Бостанда (АҚШ) өткен әлем чемпионатына күміс медаль иеленген – 287,47 ұпай (қысқа бағдарлама 94,77 + негізгі бағдарлама 192,70).

Әлем біріншілігінде тек Малининге (318,56 ұпай) жол беріп, Кагияманы (278,19 ұпай) озған еді. Бұған қоса Төрт құрлық чемпионатында (Азия, Америка, Африка, Австралия мәнерлеп сырғанаушылары қатысатын чемпионат) жеңімпаз атанған.

Осы жетістіктерінен кейін Шайдоров Милан олимпиадасында жүлдеге үміткерлердің бірі ретінде атала бастаған. Қазақстан спортшысының биылғы маусымдағы Гран-при жарыстарында ең көп жинаған ұпайы – 262.67.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *