Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Жұлдыз Сүлейменова: Білім саласындағы реформаның өлшемі – ұстаздың абыройы мен құқықтық қорғалуы

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Министр өңірлерден келген ұстаздардың, сала ардагерлері мен IT саласы мамандарының ұсыныстарын тыңдады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Министр қабылдауындағы ең маңызды тақырып жергілікті жерлердегі басқару этикасы мен педагогтердің еңбек құқығының сақталуы болды. Кейбір өңірлердегі мектеп басшылары тарапынан болған әкімшілік озбырлық пен заңсыз жұмыстан шеттету деректеріне қатысты Министр қатаң ұстаным білдірді.

– Ұстаздың қадірі қашқан жерде – ұлттың болашағы бұлыңғыр. Біз мектеп директорларын тек менеджер емес, ұжымның рухани темірқазығы ретінде көреміз. Педагогтің құқығын аяққа таптайтын кез келген бюрократиялық кедергі мен жергілікті жердегі қысымға негізделген басқару әдістеріне министрлік тарапынан тосқауыл қойылады. Әрбір заңсыз шеттетілген маман бойынша тексеру жүргізіліп, әділеттілік қалпына келтіріледі. Біз үшін әр мұғалімнің тағдыры – мемлекеттік маңызы бар мәселе, — деп мәлімдеді Жұлдыз Сүлейменова.

Кездесуде Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан қаласынан келген ардагер ұстаздың бастамасымен шағын шаһарда заманауи шығармашылық орталық салу мәселесі көтерілді. Сала министрі ардагердің бұл өтінішін мақұлдады және мәселенің бір күнде шешілмейтінін, жоспарлы процедуралардың бірнеше жылға созылуы мүмкін екенін айтты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ашылған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында инфрақұрылымды дамытумен қатар, балалардың қосымша біліміне инвестиция салу – басты стратегиялық міндетке айналып отырғанын атап өтті.

Сонымен қатар қоғамдық келісім мен тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету мақсатында инклюзивті коммуникацияны дамыту бағытында ұсыныс айта келген ұстаздар да болды. Олар мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс істейтін педагогтерге арналған арнайы курстарды енгізуді, ерекше балалармен жұмыс істейтін педагогтердің біліктілігін арттыру бағдарламасын енгізуді сұрады.

Жұлдыз Досбергенқызы ерекше бала тәрбиелеп отырған азаматтарға жуырда таныстырылған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасының мәнін түсіндірді. Ведомствоаралық құжат аясында елімізде инклюзия бағытында осы сала мамандарының біліктілігін арттыру көзделіп отырғанын айтты. Бұл жолы қабылдауда болған белсенді азаматтарды министрлік жанындағы Қоғамдық кеңес құрамына тарту туралы шешім қабылданды.

Қабылдауға келген IT-сектор өкілдері білім беру процесіне жасанды интеллект тетіктерін енгізу мәселесін көтерді, әзірлемелерін таныстыруға ниет білдірді. Министр инновациялық шешімдердің мұғалімнің жүктемесін азайтуға және білім сапасын объективті бағалауға бағытталуы тиіс екенін қадап айтты. Бұл бағыттағы ұсыныстар тиісті құрылымдар тарапынан зерделенетін болады.

Оқулықтар мен әдістемелік құралдардың сапасына қатысты сын айтып, өз оқулықтарын, көмекші құралдарын республика аумағында таратуды сұрай келген педагогтер де болды.

Кездесуде жауапты құрылым басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Бұған дейін Жұлдыз Сүлейменова министрлікке қандай командамен келгенін айтқан болатын.

 

Сообщение Жұлдыз Сүлейменова: Білім саласындағы реформаның өлшемі – ұстаздың абыройы мен құқықтық қорғалуы появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *