Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Сөйлесейік деп шақырған“: алматылық жігіт әкесін біреулер ұрып кеткенін айтты

Әлеуметтік желіде Алматы тұрғыны 10 ақпанда әкесіне жасалған қатыгез шабуыл туралы бөлісті. Оның сөзінше, үш адам әкесін ұрып-соғып, соның салдарынан ол ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Оқиғаға қатысты полиция департаменті пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Сөйлесейік деп шақырған"
Threads әлеуметтік желісіндегі жазба авторының айтуынша, 10 ақпанда шамамен сағат 17:20-да әкесін үш ер адам "сөйлесуге" шақырған.

"Әкем олармен сөйлесіп тұрды, әдепкі әңгіме сияқты көрінді. Кенет олардың біреуі оны ұрып жіберді. Осыдан кейін әкем шамамен бір сағат ес-түссіз жатты. Қалған екеуі де ұрған", - деп жазды ол.

Оның айтуынша, болған жағдай бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
Фото: threads/_atr077
Жәбірленуші ауруханаға жеткізілді. Ұлының айтуынша, әкесінің бас сүйегі бірнеше жерден сынып, миға қан құйылған.
Жазба авторы отбасының ауыр жағдайын да баяндады:

"Біз жалдамалы пәтерде тұрамыз, қарызымыз бар. Анам - зейнеткер, әйелім де аурады, кәмелетке толмаған екі балам бар. Болған оқиғадан кейін өте қиын жағдайда қалдық. Ақша да, танымалдық та сұрамаймын - тек назар мен қолдау қажет. Мен - кәмелетке толған жалғыз ұлмын және әкемнің мүддесін ресми түрде қорғаймын. Әділдікке қол жеткізіп, үш күдіктінің бәріне барынша қатаң жаза тағайындалуын талап етемін", - делінген жазбада.

Редакция Алматы қалалық полиция департаментінен пікір сұрады. Баспасөз қызметі денсаулыққа зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады.

"Күдікті анықталып, ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді қалалық ПД баспасөз қызметі.

Полиция оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объектив анықтау үшін тергеу әрекеттерінің кешені жүргізіліп жатқанын атап өтті. Соталды тергеу барысы департамент басшылығының бақылауында. Оның қорытындысы бойынша заңға сәйкес процестік шешім қабылданады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *