Қазақстандық білім беру жүйесі мен халықаралық стандарттар арасындағы алшақтық
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2025-ші жылғы 26-шы қыркүйекте өткен мәжілісте «Біз ҰБТ халықаралық ЖОО-наоқуға түсуге мүмкіндік беретін placement test секілді халықаралық тестке айналатын модельді қабылдағымыз келеді» деп хабарлайды. Бұдан бөлек өз сұхбаты бірінде: «Біз ҰБТ-ге қатысты реформа қабылдауымыз қажет. ҰБТ өз алдына қойған міндетін 100% орындады. Ендігі реформа міндеті – сапалы білім және білім ордасы трансформациясы» дейді. Ендешехалықаралық стандартқа сай түрленген тест білім беру жүйесіне қандай өзгеріс әкелмек?
Бұдан ертеректе қазақ даласында білім алу медресе оқуын тауысумен ғана шектелетін. Сәл кейін қылышынан қан тамған кеңестік жүйе орнады да, елді жаппай ағарту қауырт кезеңінде Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынұлысынды қайраткерлер білім ошағының отын жақты. Сауатсыздықты жою мәселесі орасан мәнге ие болуынан алғашқылар бірі боп Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіқұрылды. Бүгін де аталған мекемеде білім алушы саны академиялық инфрақұрылым тұрғысынан алғанда студенттерге берілген жоспарлы орыншегінен асады. Реконструкция жайына келсек, бұның әжептәуір уақыт...