Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Медициналық сақтандыруға қатысты алаяқтық: СІМ АҚШ-та қазақстандықтардың ұсталғанын растады

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі АҚШ-та Medicare және Medigap медициналық сақтандыру бағдарламалары арқылы 1 миллиард доллардан аса сомаға жасалған алаяқтық ісі бойынша екі қазақстандықтың ұсталғанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
СІМ не дейді?
СІМ редакция сауалына берген жауабында АҚШ құқық қорғау органдары екі адам ұсталғаны туралы қазақстандық тарапқа хабарлағанын мәлімдеді.

"Сыртқы істер министрлігі сіздердің жолдаған өтініштеріңізде көрсетілген адамдардың ұсталғанынан хабардар. Бұл дерек туралы қазақстандық тарапқа АҚШ-тың құқық қорғау органдары хабарлады. Қазақстан Республикасының Нью-Йорктегі Бас консулдығы осы мәселе бойынша америкалық тараппен тұрақты байланыста", - делінген ведомство жауабында.

Министрлік әзірге ұсталғандардың туыстары бұл мәселе бойынша Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктеріне жүгінбегенін нақтылады.
Мән-жайы 
Бұған дейін Чикагода екі қазақсатндыққа АҚШ-тың медициналық сақтандыру бағдарламалары - Medicare және Medigap арқылы жасалған көпдеңгейлі алаяқтық схемаларға қатысы бар деген айып тағылғаны белгілі болған.
АҚШ федералдық прокуратурасының мәліметінше, әңгіме медициналық жабдық пен диагностикалық қызметтерге қатысты 1 миллиард доллардан аса сомаға берілген жалған өтінімдер туралы болып отыр. Айыптау актілерінің бірінде Қазақстан азаматы А.А. Medicare бағдарламасы арқылы жасалған алаяқтықтан түскен қаражатты заңдастыру (ақшаны жылыстату) мақсатындағы сөз байласуға қатысы бар деп көрсетілген.
Екінші іс бойынша федералдық прокуратура Чикаго маңында тұратын қазақстандық Т.С.-ты медициналық сақтандыруға байланысты бағдарлама арқылы ақшаны жылыстату мақсатындағы сөз байласуға қатысты деп айыптап отыр. 
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *