Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

АҚШ сирек металл нарығында Қазақстанның Қытайға балама болғанын қалайды

АҚШ сирек металл нарығында Қазақстанның Қытайға балама болғанын қалайды. Бұл жөнінде 13 ақпанда АҚШ-тың Қазақстандағы жаңа елшісі Джули Стаффт айтты.

"Біз Қазақстанды Қытай бақылауындағы сирек металдар нарығына балама ретінде көре аламыз ба? Иә", – деді елші Стаффт Азаттық тілшісіне.

Елші қызметіне кіріскелі Астанада алғаш рет журналистермен кездескен Джули Стаффт екі елдің саяси әрі коммерциялық қарым-қатынасы, сөз бостандығы мен адам құқықтарына қатысты сауалдарға жауап берді.

Қытай жоғары технологиялық өндіріске қажет сирек кездесетін металдардың шамамен 80 пайызын өндіреді. Былтыр сәуірде АҚШ президенті Дональд Трамп сауда балансын реттеу үшін әлемнің барлық дерлік еліне импорт тарифін, яғни қосымша баж салығын бекіткен кезде Қытай да сирек металдарды экспорттауды арнайы лицензия арқылы реттеуге кірісті. Бұл смартфон мен өзге де технологиялық девайстар өнідірісіне, жасыл энергияға негізделген шешімдерге қажет литий, кобальт, вольфрам, никель, тантал және өзге де сирек металдарға сұранысты күшейтіп жіберді.

Қазақстан делегациясы былтыр қарашада Вашингтонда өткен C5+1 саммиті кезінде елде 2,6 миллион тонна сирек металдар резерві барын айтып, АҚШ-пен бірқатар еларалық коммерциялық меморандумдарға қол қойды. Соның бірі америкалық Cove Capital мен қазақстандық "Тау-Кен Самұрық" ұлттық компаниясы арасындағы келісім болды.

Көп өтпей екі компанияның Қазақстанда Cove Kaz Capital Group бірлескен кәсіпорын құрғаны жабарланды. Reuters агенттігінің мәлімдеуінше, жобаға 1,1 миллиард инвестиция тартылуы көзделген, оның 900 миллионын АҚШ үкіметінің қарамағындағы Экспорт-импорт банкі бермек. Кәсіпорын Қарағанды облысындағы "Солтүстік Қатпар" вольфрам кен орнын дамытумен айналыспақ.

"Бұл мәселе маған онша таныс емес, өйткені бұл келісім Қазақстан үкіметі мен Cove Capital арасында жасалды. Бірақ айтарым, бұл – біз үшін өте маңызды кезең. Себебі алғаш рет америкалық компания Қазақстанға нақты бір минерал бойынша терең білімімен және сол минералды барлау жоспарымен келіп отыр. Қазір Cove Capital мен Қазақстан үкіметі арасындағы келіссөздер өз мәресіне жетіп қалды. Бұл алдағы уақытта осыған ұқсас келісімдердің көбеюіне жол ашады", – деді Джули Стаффт.

Cove Capital – тау-кен өндірісі саласында технологиялық шешімдерді ұсынатын компания. Америкалық компания бірлескен кәсіпорынның 70 пайызын иемденген, ал қалған 30 пайызы "Тау-Кен Самұрық" ұлттық компаниясына қарайды. Әзірге, келіссөз барысы, екі тарапқа қойылған талаптар мен міндеттемелерге қатысты хабарланбады.

5 ақпанда Қазақстан делегациясы Вашингтонда өткен Critical Minerals конференциясына қатысты. Бұл жиынды АҚШ үкіметі сирек кездесетін металдар нарығындағы Қытай монополиясынан арылуға негізделген келіссөздерді жүргізу үшін алғаш рет ұйымдастырды. Делегация жетекшісі Ермек Көшербаев Қазақстан АҚШ геологиялық қызметінің тізіміндегі сирек металдарға сұранысын қамтамасыз ете алатынын мәлімдеген.

Сондай-ақ Стаффт 13 ақпанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың да қабылдауында болған. Ақорда ақпараты бойынша кездесуде Қазақстан мен АҚШ арасындағы "ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын" атап өткен.

Джули Стаффт – орыс, румын, француз және поляк тілдерін меңгерген кәсіби дипломат. Ол бұған дейін Молдова, Джибути, Ресей, Эфиопия және Польшадағы дипломатиялық миссияларда жұмыс істеген. Оны былтыр шілдеде АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстандағы елші қызметіне ұсынған. Сенат оны қазан айында осы қызметке бекіткен. Джули Стаффт 2026 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан президентіне сенім грамотасын тапсырып, қызметіне кіріскен.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *