Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Өскеменде ауа ластануына байланысты оқушылар қашықтан оқиды

16 ақпанда Өскемен қаласында барлық мектеп оқушылары қашықтан оқиды. Бұл жөнінде Өскемен қаласының білім басқармасы Instagram парақшасында хабарлады.

"Екінші дәрежелі қолайсыз метеожағдайдың сақталуына байланысты 16 ақпанда Өскемен қаласының барлық мектебінде 0-11 сыныптарда бірінші, екінші ауысымда қашықтан оқытуға көшіріледі" деп жазылған хабарламада.

Білім басқармасының жазбасына комментарий қалдырған кейбір қолданушылар шешімді құптап "сыртқа шықсаң, ауа жоқ" екенін жазды.

"Көшеде, Абай даңғылы аумағы жағында сасық иіс, газ, жүру мүмкін емес, бірден жөтеле бастайсың" деп жазды almira_pitanie есімді қолданушы.

"Қаладан 20 шақырым жерде зауыт маңында тұрамыз. Балалар да ауырып жатыр. Тіпті күн сайын тамағымыз ауырды деп шағымданады. Балаларға сондай обал" деп жазды s.anastasia2823 есімді қолданушы.

Шешімді сынаған ата-аналар да бар.

"Сабақты қайта-қайта шегере беруінен әбден мезі болдық! Балалар надан болып кететін болды" деп жазды zhanna_gareeva01 есімді қолданушы.

Өскеменде мектеп оқушылары бұған дейін де ауаның ластануына байланысты қашықтан оқуға мәжбүр болған.

Облыс орталығында жылына, шамамен, 100 күн желдің жылдамдығы секундына 1 метрден аз болады. Мұндайда ауадағы зиянды заттар төмен шөгеді. Экология депаратаменті ондай кезде аулада ұзақ жүрмеуге, ашық аспан астында көпшілік қатысатын іс-шара өткізбеуге және үйдің терезесін ашпауға шақырады.

Қазгидромет дерегінше, 16 ақпанда қалада -1-3 градус суық болады, секундына 1-6 метр жылдамдықта жел соқпақ.

Өскемен қаласында 400 мың адам тұрады. "Қазгидромет" мекемесінің дерегі бойынша, Өскемен елдегі ауасы ең лас бес қаланың қатарында. Мұнда уран, алтын, титан өндіретін елдегі ірі металлургия зауыттары жұмыс істейді. Өндіріс қалдықтары ауаға көп бөлініп, экологтер дабыл қағатын жағдай жиі болады. 2025 жылғы қазан айында Өскеменде түтін мен тұманға байланысты әуе рейстері кестедегі уақытынан үш сағаттан 17 сағатқа дейін кешіктірілген.

БАҚ-тың жазуынша, ауаның ластануына байланысты бұған дейін әкімдіктерге 2026-2028 жылдарға арналған ауаны қорғау ережелерін әзірлеу тапсырылған. Оған сәйкес, жеке секторды газдандыруға субсидия бөлу, қоғамдық тамақтану орындары мен шағын қазандықтарда көмір жағуға тыйым салу, орталық жылыту кешеніне қосу, қоғамдық көлікті тоқ пен газға көшіру сияқты шаралар қарастырылған.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *