Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Human Rights Watch Қазақстандағы жаңа Конституция жобасына алаңдаушылық білдірді

Human Rights Watch (HRW) халықаралық құқық қорғау ұйымы Қазақстанның конституциялық комиссиясы Конституцияға енгізуге ұсынған өзгертулер билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік жүйесіне және адамның негізгі құқықтарына қатер төндіреді деп мәлімдеді.

Қазақстан билігі Негізгі заңға енгізілмек өзгертулерді "заңдылық пен тәртіпті" нығайтуды және саяси жүйені жетілдіруді көздейтін қадам деп сипаттап отыр. Алайда HRW өкілдерінің пікірінше, жобадағы бірқатар тұжырымдар, мәселен, құқықтарды қоғамдық тәртіп пен мораль мүддесі үшін шектеуге мүмкіндік беретін нормалар бұлыңғыр жазылған және олар ой-пікір бостандығын, бірлесу еркіндігін және бейбіт жиналыстар өткізу құқығын өз бетінше шектеу үшін қолданылуы мүмкін.

Құқық қорғаушылар шетелден саяси партиялар мен кәсіподақтарға шетел қаржысын пайдалануға тыйым салуды, үкіметтік емес ұйымдарды шетелден қолдау алатыны туралы ақпаратты ашық жасауға міндеттеуді және ереуілге шығу құқығы жөнінде ештеңе көрсетілмеуін сынға алған. Олар мұндай жағдай азаматтық қоғамға қысым көрсетуге әкелуі мүмкін екенін айтқан.

HRW ұйымын жобада некеге тек "ер мен әйел арасындағы одақ" ретінде анықтама берілгені, оған қоса халықаралық құқықтың ұлттық заңнамадан басым екені жазылған баптың алынып тасталуы және омбудсменді тағайындау тәртібінің өзгеруі де алаңдатып отыр. Ұйымның бағалауынша, бұл өзгерістер құқықтық қорғаныс кепілдіктерін әлсіретуі ықтимал.

Бұған қоса HRW жаңа жобаға сын айтқандарға қысым жасалып жатқанын мәлімдеген. Кейінгі апталарда Конституция жобасына байланысты сыни пікір білдірген белсенділер мен журналистерге айыппұл салу, оларды ұстау және тергеуге шақыру жайттары тіркелген. Құқық қорғаушы ұйым мұндай әрекеттер қоғамда қорқыныш пен өзін-өзі цензуралауды күшейтіп, ашық қоғамдық талқыға нұқсан келтіреді деп есептейді.

"Шынайы конституциялық реформа адам құқықтарын қорғауды күшейтіп, ашық әрі айқын процесс аясында жүргізілуге тиіс. Ол билікті шоғырландыру немесе келіспеушілікті басу құралына айналмауы керек", – деді HRW ұйымның Орталық Азия бойынша кеңесшісі Мира Риттман.

Human Rights Watch Қазақстан билігін құқықтарды негізсіз шектеуге әкелуі мүмкін ережелерді қайта қарауға, реформаны талқылауға қоғамның шынайы қатысуын қамтамасыз етуге және адамдарды бейбіт түрде сыни пікір білдіргеніне бола қудалауды доғаруға үндеген.

Биыл қаңтар айында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде жаңа Конституция қабылдау қажет деп мәлімдеп, конституциялық реформа жөніндегі комиссия құру туралы жарлыққа қол қойған. Комиссия құрамына мемлекеттік қызметкерлер, депутаттар және қоғамдық ұйым өкілдері енгізілді. 31 қаңтарда преамбула мен 11 бөлімнен, жалпы 95 баптан тұратын жаңа Конституция жобасы жарияланды. Құжат кейін пысықталып, президент Тоқаев оны қабылдау жөніндегі жалпыхалықтық референдумды 2026 жылғы 15 наурызға белгіледі.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *