Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Астанада гимнаст қыздар залсыз қалды: әкімдік жауап берді

Елорда әкімдігі көркем гимнастикаға арналған жаттығу залына қатысты жағдайға пікір білдірді. Астана билігінің мәліметінше, спорт мектебі қазір жаңа орын іздеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ата-аналардың айтуынша, оларға 1 наурыздан бастап "Думан" спортзалында жаттығу болмайтыны туралы хабарлама келген. Себебі ғимараттың жаңа иесі залды әрі қарай жалға бермейтінін айтылған.
Мәлімдемеде Астанада параметрі жағынан дәл келетін басқа зал жоқ екені айтылған.

"Думан" спорт залының ғимараты - жеке меншік нысан, ол мемлекеттік меншік объектісі емес, сондай-ақ, Астананың жергілікті атқарушы органдарының қарамағына кірмейді. Бұған байланысты Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы бұл нысанға қатысты өкілеттілікке ие емес, сондай-ақ, оның әрі қарай пайдаланылуына немесе функциялық мақсатын өзгертуге байланысты шешім қабылдай алмайды. Бұл мәселелер азаматтық-құқықтық қатынастар аясында реттеледі және меншік иесінің құзыретіне жатады", - деп жауап берді әкімдік Tengri Sport сұрауына.

Сонымен қатар, жауапта қолайлы ғимарат іздеу жұмыстары жалғасып жатқаны нақтыланған.

"Қазір КММ "№1 ОРМБЖСМ көркем гимнастикамен айналысуға арналған, арнайы талаптарға сай келетін балама спорт залын іздеу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Оның ішінде төбе мен залдың аумағы сияқты өлшемдер ескеріледі", - делінген әкімдік мәлімдемесінде.

Айта кетейік, "№1 ОРМБЖСМ"-мен бір базада "Izumrud" гимнастика мектебі де жаттығады. Олар әлеуметтік желіде 1 наурыздан бастап сабақтардың басқа жерде - "ALFA GYM" спорткешенінде өтетінін хабарлап қойған.

"Жекеменшік мектепке зал табылды, барлық бала соған ауысады. Бұған дейін "Izumrud" олимпиадалық резерв мектебімен бір залды бөлісіп келген, өйткені "Думандағы" орын әрі бастаушыларға, әрі Олимпиада мен Азия ойындарына дайындалып жүрген спортшыларға да қолайлы еді. Бірақ "Izumrud" тапқан жаңа зал ОРМБЖСМ-ға жарамайды, себебі төбесі тым аласа", - деп Tengri Sport тілшісіне гимнастика жаттықтырушысы әрі "Izumrud" мектебінің құрылтайшысы Меруерт Балғынбаева айтып берген.

Маманның сөзінше, Астанадағы бірде-бір жекеменшік гимнастика мектебінде олимпиадалық резерв деңгейіндегі спортшыларды дайындауға қажет биіктігі 14,5 нысан жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *