Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Грузия қысқы олимпиададағы тұңғыш медалін алды

Грузия қысқы олимпиада тарихындағы алғашқы жүлдесін иеленді. Италиядағы олимпиадада мәнерлеп сырғанаудан жұптық жарыста Лука Берулава мен Анастасия Метелкина күміс медаль иеленді. Спортшылар жарыстан кейін Азаттық тілшісімен тілдесіп, тарихи жетістіктері жайлы ойларымен бөлісті.

"ОЛИМПИАДАДА КӨП КҮШІМІЗ КЕТТІ"

Метелкина мен Берулава қос бағдарламасы үшін 221,75 ұпай жинап, екінші орын алды. Ал чемпион жапониялық жұп Рику Миура/Рюити Кихара болды. Былтырғы әлем чемпиондары Миура/Кихара қысқа бағдарламадан кейін бесінші орында тұрған. Ал негізгі бағдарламада әлем рекордын орнатып, алтын иеленді. Қола жүлде германиялық Фабьенне Хазе/Никита Володин жұбында – 219,09.

20 жастағы Метелкина мен 23 жастағы Берулава жұбы қазір Грузия мәнерлеп сырғанауын алға сүйреп келеді. Екеуі осы олимпиадада командалық жарысқа да қатысып, Грузия құрамасымен төртінші орын алған еді. Сол кезде қола жүлдеге санаулы ұпай жетпей қалған (командалық жарыста АҚШ, Жапония, Италия үштікке енген еді). Ал жекелей сында Грузияның тарихи жүлдесін иеленді.

– Біздің есіміміз Грузияға қысқы олимпиаданың алғашқы медалін алып берген адам ретінде жазылатынына өте қатты бақыттымын. Бұл – үлкен мәртебе. Мен бұл жетістік үшін ұзақ жолды артқа тастадым және өте қатты қуаныштымын, – деді Берулава жарыстан соң.

Ал Метелкина "Олимпиадада төрт рет сырғанадық, бұл физикалық және психологиялық тұрғыда ауыр. Көп күш кетті, бірақ соңы осындай жүлдемен аяқталғанына қуанып тұрмыз" дейді.

Олимпиада кезінде Грузия мәнерлеп сырғанаушылары мен қазақстандық Михаил Шайдоров арасындағы ерекше достық қарым-қатынас бірден көзге түсті. Шайдоров ерлер арасындағы сында олимпиада чемпионы атанғанда грузиялық мәнерлеп сырғанаушы Ника Эгадзе алғашқылардың бірі болып құттықтап, құшақтап жатты. Берулава да жарыстан соң Азаттық тілшісіне "бұл олимпиадада нағыз чемпиондық сырғанау Мишада болды" деді.

"АТА-АНАМ СОҒЫС КЕЗІНДЕ МӘСКЕУДЕ БАС САУҒАЛАҒАН"

Берулава мен Метелкина Ресейде туған. Лука Берулаваның ата-анасы 1993 жылы Абхазиядағы соғыс кезінде Ресейге бас сауғалаған. Спортшы Ресейде дүниеге келгенімен бала кезінен Грузия құрамасы сапында жарысқа қатысып келеді.

"Ата-анам соғыс кезінде Мәскеуде бас сауғалаған. Мен сол қалада дүниеге келдім. Бірақ үйде грузин тілінде сөйлесеміз. Грузин тілі – менің ана тілім" деген еді спортшы бұған дейін.

Ал Метелкина 2023 жылы Грузия азаматтығын алып, Берулавамен жұп құрап жарысқа қатысып жүр. Екеуі 2023, 2024, 2025 жылы жастар арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жеткенде-ақ мамандар бұл жұптың болашақта үлкен жүлделерге таласатынын болжаған.

Биыл Метелкина/Берулава жұбы Британияда өткен Еуропа чемпионатында алтын иеленіп, Грузияға құрлық біріншілігінің алғашқы алтынын сыйлаған. Осы жарыстан кейін Грузия екеуінен олимпиадада жүлде күткен еді.

Екеуі "небәрі үш жыл бірге сырғанап жүріп олимпиада жүлдесін иеленгеніне қуанышты". Берулава бұл жүлдемен тоқтап қалмауға тырысатынын, Грузияда мәнерлеп сырғанауды дамытуға күш салатынын жеткізді.

– Менен кейін, тіпті одан кейін біздің команда дамып, екінші, үшінші, төртінші нөмерлі спортшылар болғанын, құраманың ішінде бәсеке болғанын қалаймын. Әрине, карьерамды аяқтаған соң мұны мықтап қолыма аламын. Себебі мен мәнерлеп сырғанауды қатты жақсы көремін және Грузияда бұл спортты дамыту үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын, – деді Берулава Азаттық тілшісіне.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *