Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов қызметінен босатылды

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов қызметінен босатылды. Тиісті жарлық Ақорда сайтында жарияланды. Онда Шолпанқұловтың өз өтінішімен қызметтен кеткені жазылған.

49 жастағы Шолпанқұлов Ұлттық банк төрағасының орынбасары қызметін 2021 жылдың сәуір айынан бері атқарып келген еді. Оның алдында вице-қаржы министрі болған.

Қаңтар айында Тоқаев қаржы мониторинг агенттігіндегі жиында қазақстандық банктердің бірі 7 трлн теңгеден аса қаржыны шетелге заңсыз "жөнелткені" жайлы айтқан еді. Бұл деректі оған қаржы мониторинг агенттігі баяндаған.

Ал 19 ақпанда Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов BES.Media сайтына берген комментарийінде "7 трлн теңге жайлы дерек" бұл "шетелге шығарылған қаражат емес – банк транзакцияларының жиынтығы" деген еді. "Әзірге қаржы реттеуші органдар заңсыздық анықтаған жоқ" деді ол.

Көп ұзамай президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров ҚазТАГ агенттігіне "мемлекет басшысы тексерілмеген ақпаратты айтпайды" деді.

"Егер ол 7 трлн теңгелік транзакциялар (жөнелтілді) десе, демек солай болғаны. Бұл ақпарат қоғам талқысы емес, қаржы мониторинг агенттігінің ғимаратында өткен жиналысқа қатысушыларға арналған қызметтік сипаттағы ақпарат болатын. Бірақ бұл басқа мәселе. Транзакция жасалған банк кім туралы болып жатқанын біледі. Президент саяси жағынан орындылығы және дипломатиялық хаттамаға орай, транзакцияны жасаған елді де, ақшаны алушы елді де, санкция режимі жағдайында осындай функцияны атқарған банктің де атын атамады" деді Айбек Смадияров.

Бұған дейін бірнеше коммерциялық банк мәлімдеме таратып, өздерінің оқиғаға қатысы жоқ екенін айтқан.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *