Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

АҚШ соты Трамптың өзге елдерге қарсы енгізген тарифтерін заңсыз деп таныды

АҚШ Жоғарғы соты президент Дональд Трамптың өзге елдерге қарсы енгізген тарифтерінің басым бөлігін заңсыз деп таныды. Арасында әлемнің барлық-дерлік елінен келетін импортқа салынған "өзара" баж салықтары мен Канада, Мексика, Қытайдан әкелінетін тауарларға салынған 25 пайыздық тарифтер де бар. Бұл жөнінде The Wall Street Journal жазды.

Сот Трамп 1977 жылғы "төтенше экономикалық өкілеттер туралы" заңды (IEEPA) қолданып, өзінің өкілетін асыра пайдаланды деген ұйғарымға келді.

"Егер Конгресс тариф енгізу бойынша президентке ерекше және өте ерекше өкілет бергісі келген болса, онда оны тіке жасайтын еді" деп жазылған Жоғарғы соттың шешімінде.

WSJ-дың жазуынша, Жоғарғы сот Трамптың екінші мерзімі кезінде ол қабылдаған саяси шешімнің алғаш рет күшін жойып отыр. Ал қалған облыстарда консервативті басым көпшілік Трампқа әлі күнге дейін кең өкілет беріп отыр.

Сот шешімі өзге заңдар негізінде енгізілген болат пен алюминийге қатысты тарифтерді қамтымайды. Оған он жылда шамамен 1.5 трлн доллар көлемінде пайда әкелуі керек болған баж салықтары кіреді. Шешімге сәйкес, оларды төлеп қойған компаниялар АҚШ қаржы министрлігінен қаражатты қайтаруды талап ете алады. Жүздеген фирма қазірдің өзінде сондай шағым түсіріп қойған.

Трамп өзге де құқықтық механизмдер арқылы тарифтердің бір бөлігін қалпына келтіре алады, бірақ ол үшін көбірек уақыт керек деп жазды басылым.

Ақ үйдегі брифинг кезінде сот шешіміне реакция білдірген Трамп барлық импортқа 10 пайыз деңгейінде қосымша салық енгізетінін айты, өзге тарифтер күшінде қалмақ.

Трамптың сөзінше, Жоғарғы соттың шешіміне қарамастан ұлттық қауіпсіздікке қатысы бар барлық тариф тұтас көлемде сақталады.

2025 жылдың ақпанында Трамп Канада, Қытай және Мексика елдерінен келетін тауарларға баж салығын енгізген. Ол мұнысын фентанил және өзге заңсыз есірткінің елге енуінің алдын алу шарасы ретінде түсіндірді. Оның сөзінше, мұндай шаралар тиісті дәрежеде жүзеге асырылып жатқан жоқ.

Сәуірде Трамп барлық-дерлік елден келетін импортқа он пайыздық салық енгізетінін мәлімдеп, Ақ үй "сауданы әділ жүргізбеген" елдерге одан да көп мөлшерде салық енгізген.

Сот жалғасып жатқан шақта тарифтер күшінде қалған.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *