Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасы бойынша жалпыхалықтық референдум қарсаңында қоғамда қолайлы көңіл-күй сақталып отыр. 18 жастан асқан 1 200 респонденттің қатысуымен жүргізілген телефондық сауалнама нәтижелері осындай қоғамдық көңіл-күйді айқын көрсетті. Зерттеу еліміздің 20 облысы мен республикалық маңызы бар 3 қаласын толық қамтыды.

Сауалнама нәтижелері халықтың хабардарлық деңгейі айтарлықтай жоғары екенін көрсетеді: азаматтардың басым бөлігі жоба мазмұнымен белгілі бір деңгейде таныс немесе ол туралы естіген. Сұралғандардың 22,5%-ы жаңа Конституциямен таныс емес екенін айтқан.

Конституция жобасы халық тарапынан елеулі қолдауға ие екені байқалады. Жалпы алғанда Конституциямен қандай да бір деңгейде таныс респонденттердің 78,8%-ы құжатты қолдайды, оның ішінде 31,7%-ы толық қолдайтынын білдірсе, 47,1%-ы көбіне қолдайтынын атап өткен.

Өздерінің күнделікті өміріне және құқықтық мәртебесіне тікелей әсер ететін мәселелер азаматтардың ерекше қызығушылығын тудырып отыр. Халық ең көп талқыланатын үш негізгі тақырып келесідей:
1. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары – 35,3%;
2. Әлеуметтік кепілдіктер (білім беру, денсаулық сақтау, зейнетақы) – 29,5%;
3. Экология мәселелері – 18%.

Сонымен қатар білім мен ғылым саласына (17,3%) да айтарлықтай көңіл бөлінген. Яғни азаматтардың қызығушылық құрылымы ең алдымен олардың әлеуметтік жағдайы мен өмір сапасына тікелей ықпал ететін нормаларға бағытталған.

Сауалнамаға қатысқандардың басым бөлігі құжатты дайындау жұмысын да оң бағалап отыр. Респонденттердің 68,3%-ы «Конституциялық комиссия өзіне жүктелген міндетті орындай алды» деп есептейді, оның ішінде 16,4%-ы бұған толық сенімді, 49,8%-ы бұл бағалаумен негізінен келіседі.

Сондай-ақ, сауалнама нәтижелері электоралдық белсенділіктің жоғары деңгейін көрсетеді. «2026 жылдың 15 наурызында жаңа Конституцияны қабылдау бойынша референдум өтеді. Сіз оған қатысасыз ба?» деген сұраққа респонденттердің 71,4%-ы оң жауап берген. Оның ішінде 32,9%-ы сайлау учаскелеріне міндетті түрде келетінін нақты айтса, 38,5%-ы дауыс беруге қатысуының ықтимал екенін жеткізген.

Конституциялық реформаны талқылау негізінен тұлғааралық сипатқа ие. Азаматтар бұл мәселелерді көбіне отбасы мүшелерімен (37,6%), достары және таныстарымен (34,5%), сондай-ақ әріптестерімен (30,1%) талқылайды. Цифрлық ортадағы пікір алмасу салыстырмалы түрде сирек кездеседі (17,9%).

Әлеуметтік желілер маңызды ақпарат көзі болып қала бергенімен, қолданушылардың басым бөлігі бақылаушы позициясында қалып отыр: олардың 59,8%-ы пікірталасқа қатыспай, жарияланымдарды тек оқумен шектеледі.

Осылайша, сауалнама нәтижелері жаңа Конституция жобасының қоғам тарапынан жалпы алғанда жағымды қабылданатынын, халықтың хабардарлық деңгейі жоғары екенін және азаматтардың референдумға қатысуға айтарлықтай дайын екенін көрсетеді. Дегенмен, қоғамдық пікірдің қалыптасу үдерісі жалғасып жатса, реформаны талқылау белсенділігі сақталып отыр.

Сауалнама әдістемесі: телефон арқылы сауалнама Институттың жеке қаражатына 2026 жылғы 14-18 ақпан аралығында жүргізілді. Сауалнамаға қатысқандар саны 1 200 респондент. Зерттеуге Қазақстанның 17 облысынан және республикалық маңызы бар 3 қаласынан (Астана, Алматы және Шымкент) 18 жастан асқан азаматтар қатысты. Телефондық сауалнама ұялы байланыс абоненттері арасында жүргізілді. Сауалнама қазақ және орыс тілдерінде өткізілді. Статистикалық ауытқуы 2,8%-дан аспайды. Сауалнама ОСК-ның жазбаша хабарламасы негізінде жүргізілді.

Әлеуметтік-демографиялық блок: сауалнамаға 43,4% ер адам және 56,6% әйел қатысты, респонденттердің 64,2%-ы қала тұрғындары, 35,8%-ы ауыл тұрғындары болды.

Сообщение Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *