Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Куәлікті әр жерде көрсетіп жүр“. Жапаров ҰҚМК-ны жаңғырту жоспарын айтты

Қырғызстанда Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінде ауқымды реформа жүргізілмек. Бұл туралы ел президенті Садыр Жапаров айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі АКИpress-ке сілтеме жасап.
Сұхбат барысында журналист арнайы қызметке қатысты сынға назар аударған: кей қызметкерлер қызметтік куәлігін әр жерде көрсетіп жүр деген пікір айтылған.
Садыр Жапаров бұл жағдайдан хабардар екенін айтып, осы мәселеге байланысты өзінің досы, бұрынғы комитет төрағасы Қамшыбек Тәшиевке бірнеше рет ескерту жасағанын жеткізді.
Президенттің сөзінше, реформа бұған дейін шекара қызметі мен мемлекеттік күзет қызметін комитет құрамынан бөлу сияқты өзгерістермен ғана шектелмейді.
Жапаровтың айтуынша, алдағы уақытта ҰҚМК тек негізгі міндеттерімен айналысады. Атап айтқанда:

барлау және қарсы барлау,конституциялық құрылымды қорғау,терроризм мен экстремизмге қарсы күрес,бандитизм,есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл.

Осы бағыттар бойынша тергеу жүргізу құқығы комитетте сақталады. Бірақ президент "экономикаға араласпайды" деп нақтылады. Сондай-ақ, "ҰҚМК немен айналысатынын және оның қызметкері кім екенін ешкім біле бермеуі керек" деді.
Жаңа Тергеу комитеті құрылады
Жапаров Қырғызстанда жаңа Тергеу комитеті құрылатынын, негізгі тергеу функциялары соған берілетінін мәлімдеді.
Жаңа Тергеу комитеті тікелей президентке бағынатындықтан, "шала дайын" немесе қолдан жасалған істерді қабылдамайды, нәтижесінде негізсіз қылмыстық іс қозғалмайды деген уәж айтты.
Президенттің пікірінше, екі орган бір-біріне бағынышты болмай, тәуелсіз жұмыс істесе, объектив шешімдер көбірек қабылданады. Реформа үшін ғимараттар мен техникалық база дайындалып, жарлық шығып, заң жобалары парламентке енгізілетінін де қосты.
Жапаровтың айтуынша, реформаны іске асыруға келесі жылдан бастап кіріседі. Биыл Қырғызстан ШЫҰ саммитін және Көшпенділер ойындарын өткізетіндіктен, негізгі ұйымдастыру жұмыстары кейінге қалмақ.
Контекст
Еске салайық, 10 ақпанда Садыр Жапаров өзінің досы әрі серіктесі Қамшыбек Тәшиевті барлық қызметінен босатты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *