Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Тоқаев: “Сербия кәсіпкерлеріне қолайлы жағдай жасауға дайынбыз“

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичпен кеңейтілген құрамда мазмұнды келіссөз жүргізгеніне тоқталды., - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Сауда, көлік-логистика, энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, ақпараттық технологиялар, жасанды интеллект және мәдени-гуманитарлық саладағы ықпалдастық мәселелерін жан-жақты талқыладық. Нақты уағдаластықтарға қол жеткіздік. Сауда-экономика және инвестиция саласындағы байланысты дамыту қажеттігіне баса назар аудардық. Қазір екі елдің арасындағы алыс-беріс көбейіп келеді. Елімізде 60-қа жуық серб компаниясы табысты жұмыс істеп жатыр. Дегенмен біздің экономикалық әлеуетіміз бұдан әлдеқайда жоғары. Сондықтан сауда-саттық көлемін ұлғайтуға келістік. Мемлекеттеріміздің мүддесіне сай келетін жаңа инвестициялық жобаларды пысықтауға уағдаластық. Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия бұл жұмысқа баса мән беруі қажет", – деді Президент.

Мемлекет басшысы елімізге Александр Вучичпен бірге ірі кәсіпкерлер келгенін, сапар қарсаңында Қазақстан – Сербия Іскерлік кеңесінің отырысы өткенін еске салды.

"Бизнес өкілдері арасындағы байланысты күшейту қажет екенін атап өттік. Жалпы, біз Сербия кәсіпкерлеріне қолайлы жағдай жасауға дайынбыз. Көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге айрықша назар аудардық. Былтыр Астана мен Белград арасында тікелей әуе рейсі ашылды. Бұл – ықпалдастығымызды дамыту жолындағы маңызды қадам. Сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің транзиттік мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, жүк тасымалдайтын жаңа бағыттар ашу мәселесіне тоқталдық. Инфрақұрылым саласындағы әріптестікті нығайту жолдарын талқыладық. Тиісті министрліктер мен операторларға нақты ынтымақтастық тәсілдерін айқындауды ұсындық. Энергетика саласында аса маңызды минералдарды өндіру және өңдеу, қосылған құны жоғары өндірістерді дамыту үшін өзара іс-қимылды күшейтуге келістік", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *