Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Трамп: АҚШ Иранға қарсы әскери операцияға кірісті

АҚШ президенті Дональд Трамп сенбіде Америка Құрама Штаттары Иранға қарсы ауқымды әскери операцияға кіріскенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желісінде жарияланған видеода айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақ үй басшысының айтуынша, операция Иранның ядролық және зымыран бағдарламаларына қарсы бағытталған. Трамп Тегеран ешқашан ядролық қаруға ие болмайтынын айтты.

"Біраз уақыт бұрын АҚШ қарулы күштері Иранда ірі әскери әрекетті бастады. Біздің мақсатымыз - Иран режимінен төнген тікелей қауіпті жою арқылы Америка халықын қорғау. Бұл режимнің қоқан-лоқыға толы әрекеттері АҚШ-қа, біздің әскерилерге, шетелдегі базаларымызға және әлемдегі одақтастарымызға тікелей қауіп төндіреді", - деді Трамп.

"Біз Иранның ядролық қаруға қол жеткізбеуін қамтамасыз етеміз. Оларда ешқашан ядролық қару болмайды. Бұл режим жақын арада АҚШ-тың күші мен қуатына ешкім қарсы тұра алмайтынын түсінеді", - деді АҚШ президенті.
Трамптың айтуынша, Вашингтон 2025 жылғы Иранға жасалған соққылардан кейін бұл елге ядролық бағдарламаны қайта жандандырмауды ескерткен, бірақ Тегеран барлық ұсынысты қабылдамаған.

"Осы шабуылдан кейін біз оларға ядролық қару жасауға бағытталған арам пиғылды әрекеттерін енді ешқашан жаңғыртпау керегін ескерттік және бірнеше рет келісімге келуге тырыстық... Бірақ олар бұған көнгісі келмеді. Не болып жатқанын түсінбеді...", - деді Трамп видеоүндеуінде.

Reuters агенттігінің мәліметінше, АҚШ Иран нысандарына әуеден және теңізден соққы жасап жатыр.
Бұған дейін сенбіде Израиль Иранға қарсы "алдын алу шабуылын" бастаған болатын. Хабарларға қарағанда, Иран астанасында кемінде бес жарылыс болған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *