Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Аяз болады: көктемнің алғашқы күніне арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер Қазақстанда алдағы демалыс күндері суық болатынын болжады. 1 наурызда елдің басым бөлігінде аязды болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Астана - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-шығыс желі: түнде 2-7, күндіз 7-12 м/с. Ауа температурасы: түнде 30-32, күндіз 12-14 градус аяз.

Алматы - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ. Солтүстік-шығыс желі 3-8 м/с. Ауа температурасы: түнде 11-13, күндіз 3-5 градус аяз.

Шымкент - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақыттарда тұман. Солтүстік-шығыс желі 7-12 м/с. Ауа температурасы: түнде 2-4 градус аяз, күндіз 10-12 градус жылы.

Ақмола облысы - күндіз облыстың батысында аздаған қар. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-шығыс желі 9-14 м/с. Ауа температурасы: түнде 30-35, облыстың батысында 25, күндіз 12-17 градус аяз.Көкшетау - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыс желі: түнде 2-7, күндіз 5-10 м/с. Ауа температурасы: түнде 30-32, күндіз 14-16 градус аяз.

Алматы облысы - түнде облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында қар, бұрқасын, күндіз таулы аудандарда аздаған қар. Оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман, көктайғақ. Солтүстік-шығыс желі 9-14, шығысында, тау бөктері мен таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с. Ауа температурасы: түнде 8-13, орталықта және таулы аудандарда 17-22 градус аяз, облыстың солтүстігінде қатты аяз - 25 градус, күндіз 1-6, солтүстігінде және таулы аудандарында 8-13 градус аяз.Қонаев - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ. Солтүстік-шығыс желі 9-14 м/с. Ауа температурасы: түнде 17-19, күндіз 8-10 градус аяз.

Жетісу облысы - түнде облыстың таулы аудандарында қар. Облыстың солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында тұман. Солтүстік-шығыс желі 9-14, Алакөл көлдері маңында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с. Ауа температурасы: түнде 17-22, облыстың оңтүстігінде 7-12 градус аяз, солтүстігінде қатты аяз - 25 градус, күндіз 6-11, оңтүстігінде 2 градус, солтүстігінде және таулы аудандарында 14 градус аяз.Талдықорған - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Солтүстік-шығыс желі 3-8 м/с. Ауа температурасы: түнде 20-22, күндіз 8-10 градус аяз.

Түркістан облысы - облыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын. Батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман. Солтүстік-шығыс желі 8-13, солтүстігінде және таулы аудандарында 15-20 м/с. Ауа температурасы: түнде 2-7, облыстың солтүстігінде 12-17 градус аяз, күндіз 5-10, оңтүстігінде 10-15 градус жылы, солтүстігінде және таулы аудандарында 3 градус аяздан 2 градус жылыға дейін.Түркістан - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақыттарда тұман. Солтүстік-шығыс желі 7-12 м/с. Ауа температурасы: түнде 3-5 градус аяз, күндіз 7-9 градус жылы.

Батыс Қазақстан облысы - күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ. Батысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыс желі 9-14 м/с. Ауа температурасы: түнде 10-15, облыстың батысында және оңтүстігінде 5 градус аяз, күндіз 0-5 градус аяз, батысында және оңтүстігінде 3 градус жылы.Орал - бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-батыс желі 9-14 м/с. Ауа температурасы: түнде 10-12, күндіз 1-3 градус аяз.

Атырау облысы - жауын-шашынсыз. Шығыс, оңтүстік-шығыс желі 7-12 м/с. Ауа температурасы: түнде 3-8, облыстың шығысында 11 градус аяз, күндіз 0-5 градус жылы.Атырау - ашық, жауын-шашынсыз. Шығыс, оңтүстік-шығыс желі 2-7 м/с. Ауа температурасы: түнде 6-8 градус аяз, күндіз 2-4 градус жылы.

Маңғыстау облысы - облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жауын-шашын, түнде және таңертең кей уақыттарда қатты жауын-шашын (негізінен қар), көктайғақ. Түнде облыстың орталығында бұрқасын. Оңтүстік-шығыс желі 9-14, түнде шығысында және орталығында екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы: түнде 0-5, облыстың солтүстік-шығысында 8 градус аяз, күндіз 0-5 градус жылы, солтүстік-шығысында 3 градус аяз.Ақтау - бұлтты, түнде және таңертең қар, кей уақыттарда қалың қар, көктайғақ. Оңтүстік-шығыс желі 7-12 м/с. Ауа температурасы: түнде 1-3 градус аяз, күндіз 1-3 градус жылы.

Ақтөбе облысы - облыстың солтүстік-шығысында аздаған қар. Оңтүстік-батыс, оңтүстік желі 5-10 м/с. Ауа температурасы: түнде 10-15, шығысында және орталығында 18, күндіз 0-5, шығысында 8 градус аяз.Ақтөбе - бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыс, оңтүстік желі 3-8 м/с. Ауа температурасы: түнде 10-12, күндіз 1-3 градус аяз.

Қостанай облысы - түнде облыстың батысында, солтүстігінде қар, бұрқасын, күндіз қар, батысында және солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-шығыс желі 9-14, күндіз батысында және солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы: түнде 21-26, облыстың солтүстігінде 30, батысында 16 градус аяз, күндіз 6-11, шығысында 15 градус аяз.Қостанай - көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз қар. Оңтүстік-шығыс желі 7-12 м/с. Ауа температурасы: түнде 23-25, күндіз 8-10 градус аяз.

Солтүстік Қазақстан облысы - жауын-шашынсыз. Облыстың оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-шығыс желі 9-14 м/с. Ауа температурасы: түнде 32-37, облыстың оңтүстік-батысында 29, күндіз 14-19, шығысында 22 градус аяз.Петропавл - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыс желі: түнде 2-7, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы: түнде 32-34, күндіз 17-19 градус аяз.

Павлодар облысы - жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыс желі 3-8 м/с. Ауа температурасы: түнде 30-35, облыстың оңтүстігінде 27, күндіз 18-23, оңтүстігінде 15 градус аяз.Павлодар - аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыс желі 3-8 м/с. Ауа температурасы: түнде 32-34, күндіз 19-21 градус аяз.

Қарағанды облысы - түнде облыстың батысында аздаған қар. Оңтүстік-шығыс, оңтүстік желі 9-14 м/с. Ауа температурасы: түнде 23-28, облыстың солтүстігінде 32, оңтүстігінде 17 градус аяз, күндіз 12-17, оңтүстігінде 8 градус аяз.Қарағанды - ашық, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыс, оңтүстік желі 2-7 м/с. Ауа температурасы: түнде 26-28, күндіз 13-15 градус аяз.

Ұлытау облысы - жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыс, шығыс желі 9-14 м/с. Ауа температурасы: түнде 13-18, облыстың шығысында 23, күндіз 4-9, шығысында 12 градус аяз.Жезқазған - аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыс, шығыс желі 3-8 м/с. Ауа температурасы: түнде 15-17, күндіз 5-7 градус аяз.

Шығыс Қазақстан облысы - түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында аздаған қар, күндіз оңтүстігінде аздаған қар. Солтүстік-батыс желі 7-12 м/с. Ауа температурасы: түнде 25-30, шығысында 33, күндіз 18-23, оңтүстігінде 15 градус аяз.Өскемен - көшпелі бұлтты, түнде аздаған қар. Солтүстік-батыс желі 1-6 м/с. Ауа температурасы: түнде 26-28, күндіз 18-20 градус аяз.

Абай облысы - түнде облыстың шығысында, орталығында аздаған қар, күндіз оңтүстігінде аздаған қар. Солтүстік-батыс желі 7-12 м/с. Ауа температурасы: түнде 25-30, облыстың оңтүстігінде 20, күндіз 18-23, оңтүстігінде 8-13 градус аяз.Семей - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыс желі 2-7 м/с. Ауа температурасы: түнде 28-30, күндіз 18-20 градус аяз.

Қызылорда облысы - жауын-шашынсыз. Облыстың орталығында және солтүстігінде тұман, көктайғақ. Солтүстік-шығыс желі 9-14, күндіз орталығында және шығысында 15-20 м/с. Ауа температурасы: түнде 13-18, облыстың оңтүстігінде 5-10 градус аяз, күндіз 1-6 градус аяз, оңтүстігінде 4 градус жылы.Қызылорда - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Көктайғақ. Солтүстік-шығыс желі 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы: түнде 13-15, күндіз 2-4 градус аяз.

Жамбыл облысы - жауын-шашынсыз. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ. Солтүстік-шығыс желі 9-14, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15-20 м/с. Ауа температурасы: түнде 7-12, солтүстігінде және таулы аудандарында 17-22 градус аяз, күндіз 0-5, солтүстігінде және таулы аудандарында 8-13 градус аяз.Тараз - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ. Солтүстік-шығыс желі 9-14 м/с. Ауа температурасы: түнде 8-10, күндіз 1-3 градус аяз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *