Қазақстанның бес қаласында қолайсыз ауа райы күтіледі
Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"2 наурызда Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі", - делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!