Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Талғардағы зорлау, кісі өлтіру және бала ұрлау ісі: басты күдіктіні өмір бойына бас бостандығынан айыру сұралды

Талғарда ер адамды қатыгездікпен өлтіру, екі жасар қызды ұрлау және әйелді зорлау ісі бойынша сот процесі аяқталуға жақын. Прокурор басты айыпталушыға өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Контекст
Еске салайық, 2025 жылғы 6 қыркүйекте Талғар маңындағы Қызыл-Қайрат ауылында бір ер адам кәмелетке толмаған екі сыбайласымен жергілікті тұрғынды өлтіріп, оның екі жасар жиенін алып қашқан. Кейін арнайы жасақ баланы құтқарып, анасына тапсырды, ал күдікті ұсталды.
Оқиғадан бір ай бұрын ұрланған қыздың анасы полицияға зорлау туралы арызбен жүгінген. Отбасының адвокаты Гаухар Сәриеваның айтуынша, сол кезде полиция күдіктіні ұстау бойынша ешқандай нақты шара қолданбаған.
Сот отырысы
Жәбірленуші тараптың адвокаттары Жандос Палманов, Гаухар Сәриева және Асылбек Әбдіраимовтың айтуынша, прокурор іс бойынша басты айыпталушыға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрап отыр.
Ал кәмелетке толмаған екі сыбайласқа (А. және К.) қатысты мемлекеттік айыптаушы әрқайсына 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған.

"Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған кісі өлтіру айыбы бойынша прокурор сотталушылардың әрқайсына 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Адам ұрлау эпизоды бойынша 7 жыл 6 ай талап етті. Қылмыстар жиынтығын ескере отырып, прокурор соттан кәмелетке толмағандардың әрқайсына түпкілікті 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады", – деп түсіндірді адвокат Палманов.

Адвокаттардың айтуынша, жәбірленуші мемлекеттік айыптаушының ұстанымымен келіскен. Қорытынды шешімді сот сот талқылауы аяқталғаннан кейін шығарады.Іс бойынша айыпталушылар
Ал Талғарда екі жасар қызды ұрлау, әйелді зорлау және ер адамды өлтіру деректері бойынша резонанс тудырған іс 2025 жылғы 4 желтоқсаннан бері жабық режимде қаралып жатыр.Іс бойынша үш күдікті: негізгі айыпталушы және кәмелетке толмаған екі сыбайласы. Негізгі күдікті – Е.-ге бірден 12 бап бойынша айып тағылған:

99-бап, 2-бөлік, 7-тармақ – "адам өлтіру (адамдар тобы болып)".125-бап, 3-бөлік, 2-1-тармақ – "кәмелетке толмағанды тарта отырып адам ұрлау".120-бап, 1-бөлік – "зорлау".121-бап, 1-бөлік – "жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттері".190-бап, 3-бөлік, 4-тармақ – "адамдар тобы болып жасалған алаяқтық".147-бап, 5-бөлік – "жеке өмірге қолсұқпау құқығын бұзу (онлайн платформаларда жеке деректерді заңсыз тарату)".149-бап, 2-бөлік – "тұрғын үйге заңсыз кіру".115-бап – "адам өлтіремін деп қорқыту".287-бап, 3-бөлік – "қаруды заңсыз дайындау".288-бап, 1-бөлік – "қаруды заңсыз сақтау".200-бап, 1-бөлік – "ұрлау ниетінсіз көлікке заңсыз ие болу".132-бап, 4-бөлік – "кәмелетке толмағанды қылмысқа тарту".

Ал кәмелетке толмаған екі күдікті – А. және К. – екі эпизод бойынша айыпталады: адамдар тобы болып кісі өлтіру және кәмелетке толмағанның қатысуымен бала ұрлау.
Трагедия қалай болған?6 қыркүйекте сол ер адам әйелдің ағасын атып өлтіріп, екі сыбайласымен бірге оның екі жасар қызын ұрлап кеткен. Кейін арнайы жасақ баланы құтқарып, анасына тапсырды. Күдікті ұсталды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *