Ұлылар отаны – Отырар
Отырар – тарихы терең, тағылымы мол киелі мекен. Ежелгі атауы Фараб болған бұл қала Сырдария өзенінің бойында, Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан. Ғалымдардың дерегінше, Отырар шамамен б.з.д. І ғасырдан бастап белгілі. Орта ғасырларда ол Орта Азиядағы ірі сауда, мәдениет және ғылым орталығына айналды. 1219 жылы Шыңғыс хан әскерлері қаланы қоршауға алып, тұрғындар Қайырханның бастауымен бес айға жуық ерлікпен қарсы тұрды. Қала қиратылғанымен, кейін қайта жанданып, бірнеше ғасыр бойы өмір сүрді.
Қазіргі Отырар ауданы 1935 жылы құрылған. Аудан Түркістан облысы құрамына кіреді, орталығы – Шәуілдір ауылы. Мұнда білім беру және мәдениет мекемелері, тарихи-өлкетану музейі жұмыс істейді. Өңірде 200-ден астам археологиялық ескерткіш бар. 1969 жылдан бері Отырар...