Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Жамбыл облысында мал шаруашылығы қарқынды дамуда

Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы саласының негізгі драйвері – мал шаруашылығы болып отыр. Бүгінде өңірде өндірілген жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің 52 пайыздан астамы аталған салаға тиесілі.
Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Әбдірәсіл Желеубаевтың мәліметінше, мемлекеттік қолдаулардың нәтижесінде 2025 жылы салада оң динамика қалыптасты. Ет өндірісі 2,4 пайызға, сүт өндірісі 1,6 пайызға ұлғайды. Облыстағы жалпы мал саны 3,7 млн басқа жетіп, 2,7 пайызға артты.
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағытында да жүйелі жұмыс жүргізілуде. Асыл тұқымды мүйізді ірі қара (МІҚ) үлесі 12,1 пайызды немесе 52,1 мың басты құраса, асыл тұқымды қой үлесі 26,2 пайызға жетіп, 792,1 мың басты құрады. Өңірде ет бағытындағы 500 бастан жоғары асыл тұқымды ұсақ мал өсірумен 359 шаруа қожалық, ал асыл тұқымды ірі қара өсірумен 59 шаруа қожалығы айналысуда.
Қазіргі таңда облыста сыйымдылығы 1000-7000 бас аралығындағы өндірістік типтегі 9 ірі қара бордақылау алаңы және 5 000 бас қойды бір мезгілде бордақылайтын 2 алаң жұмыс істейді. Қой бордақылау бағытында Қордай ауданындағы «Медет» және Меркі ауданындағы «Олжа» шаруа қожалықтары табысты еңбек етуде.
Ет кластері құрамында тәулігіне 300 бас ұсақ малды және 50 бас мүйізді ірі қараны сойып, өңдейтін екі ірі кәсіпорын жұмыс атқарады. Олар – Меркі ауданындағы «Меркі ет комбинаты» ЖШС және Қордай ауданындағы «Первомайские деликатесы» ЖШС.
Құс шаруашылығы бағытында да өңір әлеуеті артып келеді. Облыста екі ірі өндірістік құс фабрикасы – «Әулие-ата Феникс» ЖШС мен «Алель-Агро» АҚ жұмыс істейді.
«Алель-Агро» АҚ – еліміздегі жетекші кәсіпорындардың бірі. Компания бройлер тауық етін өндіру және өңдеумен айналысып, құс өсіруден бастап дайын өнім шығаруға дейінгі толық өндірістік циклды жүзеге асырады. 2028 жылдың соңына дейін кәсіпорын өндіріс көлемін жылына 75 мың тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Жобаға тартылатын инвестиция көлемі шамамен 50 млрд теңгені құрайды. Бүгінде кәсіпорында 1500-ге жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Сүт шаруашылығы да қарқынды дамуда. Облыста 55 сүт-тауарлы ферма жұмыс істейді. Оның ішінде 600 бас сауын сиырға арналған өндірістік типтегі ферма Қордай ауданындағы «Қақпатас Қордай» ЖШС-ға тиесілі. Мемлекеттік қолдау нәтижесінде сүт-тауарлы фермалар саны 2022 жылғы 37-ден 2025 жылы 55-ке дейін артты.
Сүт-тауарлы фермаларда өндірілген өнім толықтай өңдеуші кәсіпорындарға өткізілуде. Соңғы үш жылда бұл бағытқа 1,2 млрд теңге қаржы қарастырылып, нәтижесінде сүтті қайта өңдеуші кәсіпорындар саны 28-ге жетті. Олардың өндірістік жүктемесі 78 пайызды құрап отыр.
Жалпы, мемлекеттік қолдау шараларының тиімді жүзеге асырылуы Жамбыл облысында мал шаруашылығының тұрақты дамуына және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға оң ықпал етуде.

Сообщение Жамбыл облысында мал шаруашылығы қарқынды дамуда появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *