Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Атырау облысындағы қанды қылмыс: Наурыз бен Мейрамгүлдің өліміне қатысты жаңа мәлімет шықты

Атырау облысында жоғалған отбасыға қатысты қылмыстың мән-жайы айтылды. Марқұмдардың жақындары бұл отбасының ұл-қызы тірі табыларына сенгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, күдікті қалада жалдап тұрған үйдің іргесінен құзырлы органдар Наурыз бен Мейрамгүлдің сүйегін қазып алған.

"Екеуінің сүйегін бірінің үстіне бірін тастап көмген көрінеді. Әзірге бейресми дерек бойынша Наурызды қаскөй жазда өлтіріп көмген. Кейін үстіне Мейрамгүлдің мәйітін тастапты", - деп жазылған арна дерегінде.

Туыстарының айтуынша, қаралы отбасының ұлы Наурыз осы үйде, қарындасы мен күйеу баласының қасында болған. Оны соңғы рет жақындары мамырда ғана көріпті. Ол жазда жоғалған деп болжайды. Ал Мейрамгүл 5 қарашада күдіктілермен бірге қалаға келгені айтылды.

"Тірі шығар деген үмітіміз болған, бірақ "сүйегі табылды" дегенді естіген кезде бізге оңай тиген жоқ. Бірақ сабыр еткеннен басқа қолдан келер шара жоқ. Қылмыскер келді. Қылмысын мойындап тұр. ...Елге апарып жерлеп, жаназасын шығарып, қызметімізді атқарамыз, тірі адам тірлігін жасайды", - деді марқұм Мақсот Мұқанғалиевтың інісі Шалқар Мұқанғалиев.

Отбасы туралы не белгілі?
66 жастағы Мақсот Қарабалин мен 64 жастағы жұбайы Атырау облысының Жангелдин ауылында тұрған. Туыстарының айтуынша, ерлі-зайыптының үшінші топтағы мүгедектігі болған және мал шаруашылығымен айналысқан. Олардың үш баласы бар - екі қызы мен бір ұлы.
2025 жылдың 25 желтоқсанында полицияға туыстары отбасы жоғалып кеткені туралы хабарлаған. Құқық қорғау органдары мәліметінше, жергілікті тұрғын өзінің ағасы, оның жұбайы және екі ересек баласы, яғни 32 жастағы ұлы Наурыз бен 35 жастағы қызы Мейрамгүл қарашадан бері байланысқа шықпай жүргенін айтқан.
Кейін отбасы үйінен шығып кеткені, содан бері олардың қайда екені туралы ешқандай ақпарат болмағаны белгілі болды.
6 қаңтарда полицейлер зейнеткер ерлі-зайыптының мәйітін тапты. Осыдан кейін құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады. Жангелдин ауылында қайтыс болған ерлі-зайыптының өліміне байланысты күдіктіге іздеу жарияланды. Күдікті - Атырау облысы Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны Сұлтан Сәрсемалиев.
Күдіктіні іздестіру ісі 8 қаңтарда Атырау облысында тіркелді. Іске бастамашы болған - ІІМ. Бұл істі Атырау облысының Полиция департаменті жүргізді.
24 ақпанда ҚР ІІМ Атырау облысындағы қос кісі өлтіру ісі бойынша күдіктіні Индонезияда ұстағаны белгілі болды. Сондай-ақ, марқұмдардың қызы да күдікті ретінде танылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *