Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Бас прокуратура қазақстандықтардың "Дубайдағы 97 пәтері туралы" ақпаратты тексермейді

Бас прокуратураның активтерді қайтару қызметі "қазақстандықтардың Дубайдағы 97 пәтері туралы" ақпаратты тексеруге негіз жоқ деп санайды. Ведомство BES.media басылымына жіберген жазбаша жауабында осылай деп мәлімдеген.
1 наурызда Дубайда Fairmont The Palm тұрғын үй кешені атқыланып, өрт шыққан. Әлеуметтік желіде ол жақта қазақстандық ауқатты азаматтар, оның ішінде қазақстандық бұрынғы шенеуніктерге тиесілі баспана зардап шеккен болуы мүмкін екені талқыланған.

Азаттық радиосының "Дубайдағы Қазақстан" зерттеуіне негіз болған C4ADS ұйымының 2022 жылғы дерегінше, онда қазақстандықтарға тиесілі 97 пәтер бар. Арасында бұрынғы сенат төрағасы Қайрат Мәмидің ұлы, Алматы облысының бұрынғы әкімінің әйелі Бағдат Баталова және өзге де тұлғалардың жылжымайтын мүліктері бар.
"Бұл жылжымайтын мүлікке қатысты ведомство тексеру жүргізе ме?" деген BES.media басылымының сұрағына жауап берген бас прокуратура қазіргі заңнама шетелден мүлік сатып алуға тыйым салмайды деп жауап берген.
"Ресми тексерусіз, оның ішінде өкілетті органдардың тексеруінсіз шетелде жылжымайтын мүлікті сатып алғаны және [немесе] ие болғаны жайлы ақпаратқа құқықтық баға беру мүмкін емес" деп жазылған басылымның жауабында.
Ведомствоның хабарлауынша, журналистерден басқа бұл мүлікке қатысты сұрақтар түспеген.
Бас прокуратура мәліметінше, 2,5 жылда мемлекет 1,3 трлн теңгеден астам қаражатты қайтарған, іс жүзінде қайтарылғаны – 1,076 трлн теңге: 968,5 млрд теңге – ақшалай, 107,7 млрд теңге мүлік күйінде қайтарылған.

Бұған дейін мәжіліс депутаты Ерлан Саиров бұрынғы шенеуніктердің Дубайдағы пәтерлерін тексеруді талап ететінін айтқан еді. Parlam.kz сайтындағы мәліметке қарағанда, әзірге мұндай сауал жолданбаған.
2024 жылы күзде Азаттық қазіргі және бұрынғы депутаттардың, құқық қорғау органдарының қазіргі және бұрынғы шенділерінің Дубайдағы мүлкі жайлы сериалы зерттеу жариялаған. Сол жылы бас прокуратура журналистердің "Дубайдағы Қазақстан" зерттеуі бойынша кімдер тексерілді?" деген сұрағына нақты жауап бере алмаған еді.
2022 жылы кемі 238 адам қаза тапқан Қанды Қаңтар оқиғасынан кейін президент Тоқаев "Қазақстан байлығының жартысынан астамы 162 адамның қолында, ал Қазақстан халқының жартысының ай сайынғы кірісі 50 мың теңгеден аспайды" деп мәлімдеп, жағдайды дереу өзгерту қажеттігін айтқан еді.
Билік шетелге заңсыз шығып кеткен қаражатты елге қайтаруға уәде етіп, үкімет жанынан арнаулы комиссия жасақталған. Бас прокуратура жанынан Заңсыз активтерді қайтару жөніндегі комитет құрылған.
2023 жылы жазда қабылданған "Заңсыз активтерді мемлекетке қайтару туралы" заңға сәйкес, дүние-мүлікті заңсыз иеленген жеке немесе заңды тұлға өз активін ерікті түрде қайтарса, жауапқа тартылмайды. Олардың аты-жөні қоғамға ашық айтылмайды.
Содан бері өткен кезеңде билік өкілдері экс-президенттің отбасы мүшелері шетелге заңсыз шығарған активтер мемлекетке қайтарылып жатқанын анда-санда мәлімдеп келді.
Алайда сыншылар заңсыз жолмен алынған дүние-мүлікті мемлекетке қайтару науқаны ашық жүргізіліп жатқан жоқ деп санайды. Қабылданған заңға қоғамда күмәнмен қарайтындар да аз емес. Кей сарапшы заңның кем-кетігі көп, "ақша ұрлауға мүмкіндік қалдырады" деп сынға алған.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *