Қазақстанда жаңа Конституция жобасын насихаттау жалғасып жатыр. Referendum 2026 атты YouTube-арнасында эстрада жұлдыздары бірге шырқаған "Халықтың Ата Заңы" әніне түсірілген клип жарияланды. Әлеуметтік желіде оны мақтағандар да, сынағандар да болды. Кейбір қолданушы әртістерді сөксе, қоғам белсенділері бұған қанша қаражат жұмсалғанын білгісі келеді.