Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“500 бала футболсыз қалуы мүмкін“: “Астана“ ФК ресми мәлімдеме жасады

"Астана" ФК баспасөз қызметі футбол орталығы жабылатыны туралы жас ойыншылардың ата-аналары жасаған мәлімдемеге жауап берді, - деп хабарлайды Tengri Sport.
Әлеуметтік желілерде жас футболшылардың ата-аналарының бейнеүндеуі жарияланды. Онда олар "Астананың" футбол орталығы жабылу алдында тұрғанын мәлімдеді.
Олардың айтуынша, 500-ге жуық бала футболмен айналысу мүмкіндігінен айрылуы ықтимал.
Елордалық клубтың баспасөз қызметі футбол орталығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ деп сендіріп, оның жұмысы негізгі команда деңгейінде нәтиже беріп отырғанын айтты.

"Әлеуметтік желілер мен кейбір ақпараттық ресурстарда "Астана" ФК футбол орталығының жабылуы туралы ақпарат жарияланды. Футбол клубы футбол орталығының жабылуы туралы тараған барлық қауесетті жоққа шығарады", - делінген клуб мәлімдемесінде.

12 наурызда футбол орталығы ата-аналар комитетінің өкілдерімен кездесу өткізіліп, онда футбол орталығының қазіргі жағдайы мен алдағы даму бағыттары туралы түсініктеме берілген.

"Сонымен қатар, Қазақстан Президентінің тапсырмасына сәйкес, футбол орталығын дамытуға және оның тәрбиеленушілерін қолдауға ерекше көңіл бөлініп жатыр. Бүгінде орталықтың бірқатар түлегі негізгі команда құрамына қосылып, кәсіби деңгейде өнер көрсетіп жүр. Түлектеріміздің бірі Мақсат Абраев Премьер-лиганың алғашқы турында гол соқты", - деп хабарлады клуб.

Еске салсақ, "Астана" жеті рет ел чемпионы атанып, үш рет Қазақстан кубогын жеңіп алған. Басқа ешбір қазақстандық команданың мұндай титулдары жоқ.
Алайда 2025 жылдың аяғынан бастап БАҚ-та команданың қаржылық қиындықтары туралы ақпарат тарап жатыр.












Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от «Астана» | FC Astana (@fca.astana)


Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *