Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Петропавлда полицейлер жағдайы нашарлаған әйелді аман алып қалды

Петропавлда полиция қызметкерлері көшеде жағдайы нашарлаған қарт әйелді аман алып қалды. Құтқару сәті түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Полиция қызметкерлеріне алғыс айтқым келеді. Бүгін олар жедел жәрдем келгенше адамды аман алып қалды", - деп жазды видеоны жариялаған адам.

Желі қолданушылары видеоға көп жағымды пікір жазған. Олар полиция қызметкерлеріне алғыс айтып қана қоймай, өздеріне көмектескен жағдайларды да еске алған.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, видеодағы оқиға 12 наурызда болған.

"Сағат шамамен 14:00-де патрульдік полиция батальоны взводының командирі Тимур Байғұжинов автопатрульдердің жұмысын тексеріп жүрген. Интернациональная көшесінде жүрген кезде қызмет инспекторы Жанболат Кемел "Жанар" дүкенінің маңындағы тротуарда жағдайы нашарлаған қарт әйел жатқанын хабарлаған. Сол маңда жүрген Тимур бірден оқиға орнына жетті", - деді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әдемау Меңдібаева.

Полицейдің жетонына түсірілген видеода қызметкерлердің алдымен әйелмен сөйлесіп, оны тыныштандырып, қолынан ұстап тұрғаны көрінеді.

"Тәте, бізді естіп тұрсыз ба? Сөйлесіңіз. Немерелеріңіз үйде, уайымдамаңыз. Жедел жәрдем келе жатыр".

Алайда көп ұзамай зейнеткер есінен танып, құрыса бастаған, кейін жүрегі тоқтай жаздаған.

"Тимур Байғұжинов бірден жүрекке жанама массаж жасауға кірісті. Әйел қайта тыныс ала бастады. Көп ұзамай полицейлер оны жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды, ал өздері қызметтеріне қайта оралды", - деді Адемау Мендыбаева.

Полиция капитаны Тимур Байғұжиновтың айтуынша, алғашқы медициналық көмек көрсету дағдылары - әр полиция қызметкері үшін міндетті негіз. Жуырда облыстық жедел медициналық жәрдем орталығында өткен арнайы курс патрульдік полицейлерге бұл білімдерін нығайтып, қолдануға мүмкіндік берген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *