Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Орталық референдум комиссиясы екі талап-арыз түскенін хабарлады

Қазақстандағы республикалық референдумда дауыс беру күні соңында екі талап-арыз қаралғаны белгілі болды. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясы мүшесі Әсел Жанәбілова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, екі іс те сотта қаралғанымен, талапкерлердің уәждері расталмаған. Бірінші арыз Ақтөбе облысындағы учаскеде Брайль қарпімен жазылған трафареттің оқылмауына қатысты болса, екіншісі Астанада бақылаушыны учаскеден шығару туралы шешімге шағымдануға байланысты болған. Нәтижесінде соттар екі жағдайда да талаптарды қанағаттандырудан бас тартқан.
Жалпы, дауыс беру күні әртүрлі мәселелер бойынша 35 өтініш түскен. Олардың басым бөлігі референдум заңнамасын түсіндіру, дауыс беру процесін ұйымдастыру, учаскелік комиссиялардың жұмысы және шетелде дауыс беру тәртібі сияқты сұрақтарға қатысты болған. Барлық өтініш бойынша тиісті түсіндірмелер беріліп, кейбірі өңірлік комиссиялар мен басқа да органдарға жолданған.
Өңірлер бойынша ең көп өтініш Астанада тіркелген – 11. Алматыда 6, Маңғыстау облысында 4 өтініш болған. Шымкентте, сондай-ақ Абай облысы мен Қызылорда облысында үштен тіркелген. Ал Алматы облысы, Ақмола облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Жамбыл облысы және Павлодар облысында бір-бірден шағым түскен.

"Өтініштер референдумның мәні, дауыс беру тәртібі, учаскелерді өзгерту, сырттай дауыс беру куәліктерін алу және ықтимал заңбұзушылықтар сияқты мәселелерді қамтыған. Территориялық комиссиялар олардың 33-іне заң аясында жауап берген", - деді Жанәбілова.

Орталық референдум комиссиясы барлық өтініш белгіленген тәртіппен қаралғанын атап өтті. Сонымен қатар, түскен шағымдар мен ескертулер референдумның өту барысына және қорытындысына айтарлықтай әсер етпеген.
Айта кетейік, комиссия жариялаған қорытындыға сәйкес, жаңа Конституцияны қабылдауды 7 954 667 азамат (87,15 пайыз) қолдаған. Ал 898 099 адам қарсы дауыс берген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *