Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында болып, бірнеше рет алаяқтық жасаған күдікті Ресейден ұсталды

Бас прокуратура бірнеше рет алаяқтық жасаған Қазақстан азаматын қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, күдікті 2023–2024 жылдары ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында ақпараттық жүйе пайдаланушыларын алдау және олардың сенімін теріс пайдалану арқылы ірі мөлшерде алаяқтық жасауға бірнеше рет жәрдемдескен.

"Атап айтқанда, күдікті мен оның сыбайластары Instagram әлеуметтік желісін пайдаланып, азаматтардың сеніміне кіріп, салынған инвестиция сомасынан бірнеше есе көп табыс алуға уәде беріп, өз компаниялары арқылы ақша қаражатын инвестициялауға үгіттеген", - делінген хабарламада.

Ақша қаражаттарын алғаннан кейін, оларды қылмыстық топ қатысушыларының арасында бөліп, өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Алаяқтардың қылмыстық әрекеттері салдарынан Қазақстанның әртүрлі өңірлеріндегі 75 азаматқа жалпы сомасы шамамен 80 миллион теңге көлемінде залал келтірілген.

"Қылмыс жасалғаннан кейін 4 сыбайлас әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталған, ал соңғысы қылмыстық қудалау органдарынан бой таласап, осыған байланысты халықаралық іздеуге жарияланған.
2025 жылғы наурызда ол Ресей Федерациясының аумағында ұсталып, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша Отанына экстрадицияланды".

Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына отыр.
Оған тағылған айыптар бойынша 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу түріндегі жаза көзделген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *