Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстанда 30 елді мекенді су басу қаупі бар - ТЖМ

Қазақстанда 30 елді мекенді су басу қаупі бар. Бұл туралы ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің төрағасы Серік Жүнісбеков айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мәселе Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары мен Абай облысындағы елді мекендер туралы болып отыр.

"Былтырғыдай "Қазгидрометтің" болжам деректері негізінде Tasqyn ақпараттық жүйелері мен Су ресурстары және ирригация министрлігінің Talsim-NG бағдарламалық жасақтамасы арқылы су тасқыны кезеңіне ықтимал қауіптерді модельдеу жұмыстары жалғасып эатыр. Қазіргі уақытта аталған ақпараттық жүйелер 30 елді мекен үшін ықтимал қауіптерді модельдеді", - деп түсіндірді Жүнісбеков ОКҚ-дағы брифинг барысында.

Оның айтуынша, су тасқынымен күреске күш пен құралдар дайын. Жалпы саны 39 мыңнан астам адам, 12 мың техника, 4 мыңнан астам су сорғыш пен 700 жүзу құралы жұмылдырылған.
Сондай-ақ комитет төрағасы ТЖМ күш пен құралдар резерві тұрақты дайындықта екенін айтты, бұл 930 адам, әртүрлі мақсаттағы 113 техника, 99 су сорғыш және 35 жүзу құралы.

"Қажет болған жағдайда, алгоритмге сәйкес ТЖМ авиациясы, Ұлттық ұлан, Қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бөлімшелері мен "Қазақстан темір жолы" теміржол көлігін тартылады", - деп қорытындылады Серік Жүнісбеков.

Еске салайық, 5 наурызда премьер-министр Олжас Бектенов әкімдерге бір апта ішінде су тасқыны тәуекелдерін зерттеп, қажетті шараларды қабылдауды және жергілікті жерлерге барып тексеруді тапсырған еді.
Бұған дейін, ТЖМ су тасқыны қаупі бар өңірлерді атаған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *