Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

МӘМС 2.0: Медсақтандыру қоры жаңа платформа не үшін керегін түсіндірді

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы Гүлмира Сәбденбек Qalqan платформасының не үшін құрылып жатқанын түсіндірді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қор басшысының айтуынша, Qalqan бұрыннан бар шешімдердің үстінен жаңадан бөлек жүйе болып құрылмайды. Яғни бұл – Қордың қолданыстағы цифрлық жүйесін жаңғыртып, оны Қаржы министрлігі қолданылып жүрген заманауи технологиялық платформаға көшіру.

"Бұл платформаның таңдалуына бірнеше себеп бар. Біріншіден, оның ішінде дайын технологиялық шешімдер бар. Екіншіден, ол Қаржы министрлігінің интеграциялық мүмкіндігін кеңірек пайдалануға жол ашады. Үшіншіден, жаңа инфрақұрылым құрмай-ақ, қажет функцияларды әлдеқайда жылдам енгізуге мүмкіндік береді", – деп жазды Сәбденбек.

ӘМСҚ басшысы платформа жасау үшін қосымша қаржы керек болады деген ақпаратты жоққа шығарды.

"Платформа денсаулық сақтау жүйесіне қосымша шығын шығармай іске асырылады", – деп атап өтті ол.

Сондай-ақ, Гүлмира Сәбденбек Qalqan медициналық ақпараттық жүйе емес екенін және Damumed секілді қызметтердің орнын баспайтынын мәлімдеді.

"Платформа емдеу процесіне араласпайды және дәрігерлерге қосымша жүк түсірмейді. Оның негізгі мақсаты – қаржы ағынын ашық ету, көрсетілген қызметтерді тексеру және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражатының қалай жұмсалып жатқанын бақылау. Шын мәнінде, бұл – цифрландырудың келесі кезеңіне өту. Яғни жекелеген операцияларды есепке алудан шығындарды және олардың тиімділігін басқару деңгейіне көшу. Жаңа платформа деректерді біріктіріп, есеп-қисаптың ашық болуын арттырады және қаржы қозғалысын басынан аяғына дейін бақылауға мүмкіндік береді", – деп түсіндірді қор басшысы.

Сәбденбектің айтуынша, Qalqan платформасының басты міндеті – әрбір төленген қызметтің нақты расталуын, ал МӘМС жүйесіндегі әрбір теңгенің негізді жұмсалып, медициналық көмекке бағытталуын қамтамасыз ету.
Контекст
Жуырда премьер-министр Олжас Бектенов ӘМС жүйесін жетілдіру мәселесі қаралған кеңес өткізді. Сол жиында жаңа Qalqan цифрлық платформасы таныстырылып, ол жаңадан құрылып жатқан МӘМС архитектурасының технологиялық негізі әрі "цифрлық қалқаны" ретінде сипатталды.
Еске салайық, 16 қаңтарда Үкіметте Медициналық сақтандыру қорын Қаржы министрлігінің қарамағына беру туралы шешім қабылданды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *