Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Адвокат медициналық көмекке зәру Әсет Матаев карантинде отырғанын айтты

ҚазТАГ басшысы Әсет Матаев карантинге ауыстырылған. Бұл жөнінде адвокаты Рена Керимова хабарлады.

“Мерекелерден кейін бейсенбі күні тергеу изоляторына Әсет Матаевқа кіріп шықтым. Оған қараудың өзі ауыр: маңдайында үлкен тыртық, көзі ісіп кеткен, бетінің жартысы қап-қара, ісінген. Ол осындай халде жаңадан келген қамалушылармен бірге карантинде отыр. Карантин 15 күнге созылады” деп жазды адвокат.

Ақпаратқа реакция білдірген адвокат Сәуле Көпжанова да журналистке тағайындалған бұлтартпас шараның қаталдығын алға тартты.

“Журналистер мен адвокаттарға қатысты сұмдық, жол беруге болмайтын нәрселер болып жатыр. Адам ерекше медициналық көмекке зәру, ал оны сауығуға жағдай жоқ камерада ұстап отыр. Бұл азаптауға көбірек ұқсас, себебі адам қиналып жатыр” деп жазды Көпжанова Facebook-та.

Өткен аптада Әсет Матаевтың Алматыда төбелес кезінде соққыға жығылғаны хабарланған еді. Полицияның айтуынша, “Бұзақылық” бабы бойынша іс қозғалып, төбелеске қатысушылар оның ішінде, Матаев та ұсталған.
Әсет Матаев Қылмыстық кодекстің 293-бабының ("Бұзақылық") 2-бөлімі бойынша күдікке ілінген. Бұл бап бойынша 3-тен 6 жылға дейін бостандығынан айыру көзделген.
20 наурызда Әсет Матаев екі айға қамалған.
Адвокат өткен аптада Әсет Матаевқа қарсы “Көрінеу жалған ақпарат тарату” бабы (274-бап) бойынша қылмыстық қудалау тоқтатылғанын да хабарлаған. Дегенмен ҚазТАГ-тың бас редакторы Әмір Қасеновке қарсы іс тоқтатылмаған. Тергеу жалғасып жатыр деді адвокат.
2025 жылы желтоқсанда басында ҚазТАГ басшысы Әсет Матаев пен бас редактор Әмір Қасенов "көрінеу жалған ақпарат таратты" деген күдікке ілінген. Содан бері Қасенов үйқамақта отыр, қылмыстық іс бойынша тергеу жүріп жатыр. 2026 жылы қаңтарда прокуратура Матаевты да үйқамаққа алу туралы өтініш беріп, кейін оны қайтарып алған. ҚазТАГ бұл істі өздеріне жасалған қысым деп санайды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *