Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Кенияда алғаш рет Наурыз мерекесі аталып өтті

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазақстан Республикасының Елшілігі Кенияда алғаш рет Наурыз мерекесін салтанатты түрде атап өтті.

Іс-шараға Кения мемлекеттік органдардың өкілдері, БҰҰ жүйесіндегі халықаралық ұйымдар, дипломатиялық корпус, бизнес-қауымдастық, діни және мәдени ұйымдар қатысты.

Қазақстан Елшісі Барлыбай Садықов өз сөзінде, Наурыз мейрамының тойлануы еліміздің тарихындағы маңызды оқиғамен – 2026 жылғы 15 наурызда өткен жалпыұлттық Референдумның табысты өтуімен және жаңа Конституцияның қабылдануымен тұспа-тұс келгенін атап өтті. Бұл оқиға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанды» құруға, парламентаризмді нығайтуға және азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысуын кеңейтуге бағытталған реформаларын жүзеге асырудың маңызды кезеңіне айналды.

«Бүгін, 21 наурыз «Наурызнама» күнтізбесінде Ынтамақтастық күні ретінде ерекше орын алады. Бұл – Қазақстанның халықаралық құқық нормалары пен БҰҰ Жарғысын сақтай отырып, дауларды мен жанжалдарды тек дипломатиялық жолмен шешуге бейілділігін растайтын және әлемдік аренада ілгерілетуге ұмтылатын асқақ рухы», – деп атап өтті Б.Садықов.

Іс-шараның құрметті қонағы БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-Хабитат Атқарушы директоры Анаклаудия Россбах өз сөзінде Наурыздың жаңару мен бірліктің символы ретінде ұлттық мереке шеңберінен әлдеқайда асып түсетінін атап өтті. Ол бұл мерекенің ғасырлар бойы достық пен тату көршілік қарым-қатынастарды нығайтуға ықпал ететін терең мәдени маңыздылығына тоқталды.

А.Россбах ханымның айтуынша, адам мен табиғат арасындағы үйлесімділікке, сондай-ақ қоғам ішіндегі ынтымақтастыққа үндейтін Наурыз философиясы БҰҰ-ның тұрақты дамуды қамтамасыз ету жөніндегі миссиясымен тікелей үндес келеді.

Іс-шара аясында БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің видеожолдауы көрсетілді. Ол қатысушыларды Халықаралық Наурыз күнімен құттықтап, бұл мерекенің бейбітшілік пен бірлікті ілгерілетудегі маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ қонақтардың назарына Қазақстандағы және әлемнің басқа елдеріндегі Наурыз мерекесін тойлау дәстүрлері туралы бейнеролик көрсетілді.

Қонақтар үшін Орталық Азия елдерінің (Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан) және Әзербайжанның Кенияда жұмыс істейтін өкілдерімен бірлесіп, мазмұнды мәдени бағдарлама дайындалды. Қонақтар қазақ салт-дәстүрлерімен танысып, ұлттық билерді тамашалады. Соның ішінде қазақтың «Қара жорға» және әзербайжанның «Яллы» билері ерекше қызығушылық тудырды.

Іс-шара салтанатты кешкі аспен аяқталды. Қонақтарға палау, қуырдақ, бауырсақ және қазақ пен Орталық Азия асханасының басқа да дәстүрлі тағамдары ұсынылды. Биыл Наурыз мейрамының Ораза айтпен (Ид аль-Фитр) тұспа-тұс келуі бұл оқиғаға бірлік пен рухани келісімнің ерекше символдық мәнін берді.

Сообщение Кенияда алғаш рет Наурыз мерекесі аталып өтті появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *