Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Жапон ғалымдары кофенің жаңа пайдасын анықтады

Жапон ғалымдары кофедегі полифенолдардан ағзада түзілетін кофе қышқылының колоректал обыр жасушаларының өсуін қалай тежейтінін молекулалық деңгейде анықтады. Зерттеу Scientific Reports журналында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Газета.Ru" басылымына сілтеме жасап.
Бұған дейін эпидемиологиялық деректер кофе ішу мен ішек қатерлі ісігінің даму қаупінің төмендеуі арасында байланыс барын көрсеткен еді, алайда оның нақты тетіктері белгісіз болып келген. Киото префектуралық медицина университетінің ғалымы Мотоки Ватанабэ жетекшілік еткен зерттеушілер сусын құрамындағы жекелеген компоненттердің рөлін нақтылауды мақсат етті.
Кофе құрамындағы полифенолдар, соның ішінде хлороген қышқылы, ішекте ыдырап, кофе қышқылына айналады. Ғалымдар ісік жасушаларына дәл осы қосылыстың әсерін молекулалық деңгейде зерттеді.
Тәжірибелер кофе қышқылын қосқанда қатерлі ісік жасушалары колонияларының түзілуі айтарлықтай тежелетінін көрсетті. Бұл зат бұрын колоректал обыры бар науқастардағы қолайсыз болжаммен байланыстырылған RPS5 ақуызымен байланысады.
Қосымша зерттеулер RPS5 белсенділігін тежеу ісік жасушаларының жасушалық циклін ДНҚ көшірілуіне дайындық кезеңінде тоқтататынын көрсетті. Сонымен қатар кофе қышқылы да, RPS5 экспрессиясының төмендеуі де жасуша бөлінуінің негізгі реттеушісі саналатын cyclin D1 ақуызы деңгейінің азаюына әкелген.
Авторлардың мәліметінше, RPS5 посттранскрипциялық реттелу деп аталатын тетік арқылы ақпараттық РНҚ мөлшерін, соған сәйкес cyclin D1 синтезін де бақылайды. Кофе қышқылы осы ақуызбен байланысып, оның қызметін бөгейді де, соның нәтижесінде ісіктің өсуін баяулатады.

"Бұл нәтижелер кофе қышқылының құрылымы негізінде туындылар жасап, RPS5-ке бағытталған обырдың алдын алу мен емдеудің жаңа стратегияларын әзірлеуге көмектеседі деп үміттенеміз", – деді Ватанабэ.

Сонымен қатар, ғалымдар бұл зерттеулердің зертханалық жағдайда, жасушаларға жүргізілген бастапқы тәжірибелер екенін атап өтті. Алынған нәтижелер кофе ішу ішек обырынан тікелей қорғайтынын дәлелдемейді. Бұдан бөлек, сусын құрамында кофеин мен өзге де заттар бар, сондықтан ол бәріне бірдей жарай бермейді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *