Добавить новость
World News in Kazakh
Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Алматыда жолаушылар автобуста қызға тиіспек болған ер адамды ұстады

Алматыда қоғамдық көлікте белгісіз ер адам тиісе бастаған қызды жолаушылар қорғап қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Не болды?
Желіде Алматыдағы автобустардың бірінде белгісіз ер адамның ұйықтап жатқан жолаушыға тиіскені туралы ақпарат пайда болды. Куәгерлердің айтуынша, ол қызды күштеп сүймек болған, кейін көшеде соңынан қалмай қойған.
Жазба Threads әлеуметтік желісінде 27 наурызда жарияланды. Жарияланым авторы құрбысы №86 бағыттағы автобуста тап болған жағдайды айтып берді.

"Сағат 11:30 шамасында ол автобуста ұйықтап қалған. Сол сәтте бейтаныс ер адам оның мойнынан ұстап алып, сүймекші болған. Құрбым не болғанын түсінбей, қатты қорыққан. Жанында отырған екі жігіт көмекке келіп, әлгі адамды автобустан қуып шықты", - дейді жазба авторы.


Автордың айтуынша, кейін полиция келген.

"Біраз уақыттан кейін бұл адамды босатып жіберген. Ең қорқыныштысы құрбым көшеде такси күтіп тұрғанда, ол артынан тағы келген. Құрбым қашып үлгерді. Қазір оның өміріне қауіп жоқ, бірақ мұндай жағдай ешкімнің басына түспеуі керек деп есептеймін", - деп жазды автор.

Полиция пікірі
Алматы Полиция департаменті күдікті ұсталып, басқармаға жеткізілгенін хабарлады.

"Бұл азаматтың психоневрологиялық мекемеде есепте тұрғаны анықталды. Осыған байланысты ол мамандандырылған медициналық ұйымға жіберілді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға және заңды шешім қабылдауға бағытталған шаралар кешені жүргізіліп жатыр", – деп түсіндірді ПД баспасөз қызметі.

Ведомство өкілдері ер адамның іс-әрекетіне құқықтық баға берілетінін, сондай-ақ ӘҚБтК-нің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша іс материалдары сотқа жолданғанын айтты.
Анықтама: ӘҚБтК 434-бабының санциясы 20 АЕК (2026 жылы 86 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салуды немесе 20-дан 60 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарды немесе 5-тен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуды көздейді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media






Топ новостей на этот час

Rss.plus





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *